Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құрылтайдың ресми сайтында Олжас Бектеновтің депутат сауалына берген жауабы жарияланды. Сауалда 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге тіркелуін шектеу және олардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілген.

Премьер-министрдің айтуынша, үкімет онлайн-платформаларда 16 жасқа толмаған қолданушыларды тіркеу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер әзірлеген. Қазір тиіс түзетулер қаралып жатыр.

Заңнамадағы өзгерістер қабылданғаннан кейін онлайн-платформалардағы қолданушылардың жасын тексеру тәртібі әзірленеді. Бұл жұмысқа мәдениет және ақпарат министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауапты болады.

Бектеновтің мәліметінше, болашақта Meta компаниясы қолданушылардың жасын тексеруге арналған AgeKey жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Технология биометрия аутентификациясына, саусақ ізі немесе бет-әлпетті тану тәсіліне ұқсас принциппен жұмыс істейді.

Жаңа талаптарды енгізу үшін өтпелі кезең қарастырылған. Осы уақыт ішінде онлайн-платформаларда 16 жасқа толмаған қолданушылардың қолданыстағы аккаунттары уақытша бұғатталады.

Естеріңізге салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеужеліге кіруге тыйым салу туралы заң жобасы талқыға салынды. Биыл мамыр айында құжат мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде екені хабарланды.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.