12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

САЛЫҚ КОДЕКСІ: БЮДЖЕТТІ ТОЛТЫРУ ҒАНА МАҚСАТ ПА?

Парламент Мәжілісінің 8 маусымдағы отырысында Салық кодексіне түзетулер қабылданған еді. Онда шағын және орта бизнес субъектілері үшін дивидендтерді салық салудан босату түріндегі жеңілдіктерді алып тастау көзделіп отыр. Егер жоба мақұлданса, 2023 жылдан бастап резидент еместер мен жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер (егер дивидендтер сомасы 30 мың АЕК-тен асатын болса) бойынша жеңілдіктер алынып тасталады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар дивидендтерге салық салу бойынша қолданыстағы жеңілдіктердің күшін жою негізсіз екенін және инвестициялардың кетуіне әкеледі деп санайды. Бизнес өкілдері ҚР Парламенті Сенаты осы түзетулерге қатысты көптеген қарсылықтарға назар аударып, дивидендтер бойынша қолданыстағы жеңілдіктердің күшін жоюға жол бермейді деп үміттенеді. «Алматы кәсіпкерлері Салық кодексіне дивидендтерді салық салудан босату бойынша жеңілдіктерді алып тастайтын жаңа түзетулердің енгізілуіне алаңдайды. Кәсіпкерлердің пікірінше, бұл норма бизнеске екі есе салық салынуына алып келеді, инвестициялардың тиімділігі мен Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын төмендетеді», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтың айтуынша, дивидендтерге салынатын салық қазір мынадай тәртіпте төленеді – егер кәсіпкер компанияны 3 жылдан аз уақыт иеленсе, онда дивидендтерге 5% төлейді, егер компаниясына 3 жылдан астам уақыт болса, дивидендтерге салық салынбайды. Қазір дивидендтерге 10% мөлшерлеме белгілеу ұсынылды. Егер біз жаңа Қазақстанның қарқынды дамуын қаласақ, онда қосымша салықтар енгізетін түзетулердің күшін жойып, түсінікті Салық кодексін жасап, кодекске кем дегенде 3 жылға өзгерістер енгізуді тоқтату қажет. «Еңбекақыға салынатын барлық салықты біріктіріп, бірыңғай салық мөлшерлемесін 20%-дан аспайтын етіп жасауды ұсынамын. Мұндай мөлшерлеме еңбекақы қоры үшін оңтайлы екенін әлемдік тәжірибе көрсетті», – дейді М.Барышев. Қазақстан Автокөлікшілер одағының бас директоры Сәбит Аманбаевтың сөзіне қарағанда бұл салық кәсіпкерлерге айтарлықтай зиянын тигізеді. Себебі, бұл норма кәсіпкердің тапқан таза пайдасына қосымша салық болып отыр.

«Біздің корпоративті табыс салығын төлеуіміз жеткілікті болуы керек қой. Ал бұл нормада екінші қосымша салық салынбақ. Бұл қосымша жүктеме бекітілсе онда кәсіпкер табысты жасыру жолын іздей бастайды, көлеңкеге қашады. Бұл норма кәсіпкерліктің дамуына кедергі, мемлекеттік саясатқа қайшы», – дейді ол. «Бұл норма қолданыстағы нормалармен салыстырғанда шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін қолайсыз. Егер қазір ШОБ субъектісі үш жыл бұрын сатып алынған жабдықты сатса, оған ҚҚС төлемеуі керек. Ұсынылып отырған норманы енгізу кезінде төртінші жылға кәсіпкер қосылған құнға салық төлеуі тиіс болады», – деді «Фирма «Тигрохауд» ЖШС-нің Бас директоры Жанар Құралбаева. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде, мысалы, кәсіпкер өз басқаруындағы компанияға үш жылдан астам уақыт жетекшілік етсе, жекелеген шарттар орындалатын болса, онда дивидендтерге салық салынбайды. Компания табысына 20% көлемінде корпоративті табыс салығы салынады.

Құрылтайшы-кәсіпкер өз табысын дивидендтер арқылы алады. Sayat Zholshy&Partners адвокат кеңсесінің серіктесі Елена Тюрейкина: «Егер заң жобасы осы қалпында мақұлданса, онда дивидендтер бойынша салық жеңілдігі жеке тұлғалардың едәуір аз тобы үшін жеңілдік болады. Дивидендтер жеке тұлғалардың салық салуға жататын кірістерінен айлық есептік көрсеткіштің 30 мың еселенген мөлшері (шамамен 96 млн теңге) шегінде ғана алып тасталады. Қалған бөлігінде дивидендтерге жалпы табыс салығы мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады, ол 5%-дан 10%-ға дейін ұлғайтылады. Мұндай өзгерістер жеке тұлғалардың жұмысына кедергі келтіреді, өйткені, олардың табысына түсетін салық ауыртпалығы артады. Салық кодексіне осындай маңызды және әлеуметтік сезімтал өзгерістерді ұсынған бастамашылар осы өзгерістің тіиімділігіне қатысты ешқандай сенімді дәлел келтірмейді. Ешкім тіпті, осы өзгерістерден болатын әсерге ешқандай талдау жасамаған сияқты. Керісінше, жалғыз мақсат – бюджетті толтыру көзделгені байқалады», – дейді ол. Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдіргендер бұл отандық шағын және орта бизенске теріс әсер етуі мүмкін екенін айтты. Олар мұндай өзгерісті атүсті емес, жүйелі түрде қарау қажеттігін атап өтті.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Кризис доверия и формализм

В МАЖИЛИСЕ РАЗВЕРНУЛАСЬ ДИСКУССИЯ О НЕЭФФЕКТИВНОСТИ ПРАВИТЕЛЬСТВА. ПАРЛАМЕНТАРИИ НАЗВАЛИ ОТВЕТЫ КАБМИНА НА ЗАПРОСЫ ГРАЖДАН ФОРМАЛЬНЫМИ ОТПИСКАМИ.

АЖЫРАСАТЫНДАР САНЫ 16%-ға АЗАЙДЫ

Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Қазақстанның қоғамдық даму институтымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ұлттық баяндама дайындады. Биылғы жылы бұл бағытта оң нəтижелерге қол жеткізілген. Орталық коммуникация қызметінің алаңында сөз алған Жастар жəне отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың айтуынша мұндай оң көрсеткіштер мен нəтижелерді алдағы уақытта да лайықты жалғастыруға көңіл бөлінбек.

Қазақстанда талапты орындамаған әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін

"Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заңға уәкілетті органның талаптарын орындамаған платформалардың қолжетімділігін шектеуге мүмкіндік беретін норма енгізу ұсынылды.

Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?

Қазақстандағы несие нарығында айтарлықтай өзгерістер басталды. Ұлттық банк жүргізген соңғы сауалнама бизнес сегментінің қайта жандана бастағанын көрсеткенімен, тұрғындар үшін несие алу талаптары бұрынғыдан қатаңдай түскен. Ипотекаға сұраныс төмендеп, автонесие де жаңа мөлшерлеме қысымын сезіне бастады.

Қазақстанда әкімшілік әділет институты дамиды: Сенат заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.