Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су түсіп, бұл көл деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда, 2024 жылы Балқаш көліне шамамен 15,9 млрд текше метр су жіберілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 13,9 млрд текше метрді құрады. Ал биыл жыл басынан бері көлге 9,7 млрд текше метрден астам су келіп түсті.

Балқашқа су Қапшағай су қоймасынан жіберіледі. Ол трансшекаралық Іле өзенінің суын реттеп отырады. Биыл Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды. Ал алдыңғы екі жылда су қоймасы толық көлемде 100% толтырылған.

Іле өзені арқылы Балқашқа келетін су көлемі көпжылдық орташа көрсеткішке сай. Бұл көлдегі су деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Қазір Балқаштың су деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша теңіз деңгейінен 341 метр белгісінде сақталуда. Сонымен қатар француз сарапшыларымен бірлесіп, Балқаш көлін 2040 жылға дейін сақтауға арналған бас жоспар әзірленіп жатыр. Далалық зерттеулер жүргізілді. Қазіргі уақытта алынған нәтижелерге талдау жасалып жатыр, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет «AI-Quryltai» жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді. Жаңа құжат балаларды цифрлық және ақпараттық ортадағы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған.