Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы үгіт-насихат жүргізу, ақпарат жариялау және көлік шығынына қажет соманы бекітті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Республикалық маңызы бар қала үміткерлеріне бөлінетін қаражат

Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша, республикалық маңызы бар қалалар, облыстар мен Астана мәслихатына үміткерлердің теледидар мен радиода сөз сөйлеуіне, сонымен қатар баспа немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялауына 410 мың теңгеге дейін қаражат қарастырылған.

Бұдан бөлек, жария үгіт-насихат өткізуге және материалдар шығаруға 180 мың теңге бөлінеді. Ал көлік шығынын өтеуге әр кандидатқа 110 мың теңге қарастырылған.

Қала және аудан мәслихатының үміткерлеріне қанша ақша беріледі?

Қала мәслихатының депутаттығына үміткерлерге бөлінген қаражат сомасы басқаша. Олардың сөз сөйлеуі мен басылымға материал жариялауына 400 мың теңге, жария үгіт-насихат пен материалдарға 170 мың теңге, көлік шығынына 80 мың теңге қарастырылған.

Аудан мәслихаты үміткерлерінің сөз сөйлеуі мен жарияланымдарына 290 мың теңге бөлінеді. Үгіт-насихат жасауға және материалдар әзірлеу үшін 130 мың теңге, ал көлік шығынына 80 мың теңге қарастырылған.

Бұл қаражаттың мөлшері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағы және 33-бабының 2-тармағында бекітілген.

Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған қаулылар Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиясына жолданады. Олар құжаттармен аумақтық және округтік сайлау комиссияларын, сонымен қатар бірмандатты сайлау округтері бойынша тіркелген үміткерлерді таныстыруы керек.

Мәслихатты сайлау қашан өтеді?

Естеріңізге салайық, 12 қазанда мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Ал 13 қазанда орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтетінін жариялады.

Жоспар бойынша, елдегі 227 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады. Оның ішінде 668 мандат облыстағы, 626 мандат қала және аудан мәслихатына бөлінеді.

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.