Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы Целиноград аудандық емханасының директоры Дәурен Сибанбаев Қазақстандағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ брифингі барысында Сибанбаев елдегі орташа жалақы жыл сайын өсетінін айтты.
«Қазір бізде университетті бітірген жалпы медицина дәрігерінің орташа жалақысы — шамамен 382 мың 489 теңге. Бейінді маманның орташа жалақысы — 288 мың 367 теңге, ал жалпы тәжірибелік медбикенің орташа жалақысы — 246 мың 347 теңге. Бұл — негізгі орташа жалақы. Содан кейін бұл сомаға жұмыс тәжірибесі мен санатына қарай тағы қосылады», — деді Дәурен Сибанбаев.