12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

42 градус аптап: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 7 маусымда 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада күндіз 36-38 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семейде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскеменде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 42 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40- 42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 07 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың бөлігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 07-09 маусымда облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматыда 07-09 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. 07 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыдағы қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алу ұсынылмайды?

Алматыда сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды.

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары АҚШ президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – АҚШ" мемлекеттер басшыларының саммитіне...

ӘКІМДІ САЙЛАУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?

14 қырқүйек күні Орталық сайлау комиссиясының отырысында 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Ал аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау 5 қарашаға белгіленді.

ҚАТАЛ ҮКІМ: ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЛАНЫҢ АРАЖІГІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

Елімізде балаларға қатысты зорлыққа жазаны күшейтетін заң әзірленді. Бұған әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауында берген тапсырмасы негіз болғаны даусыз.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллион құпия іс ашылды

Бас прокуратураның мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.