Бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығын айыруға

Астана қаласы ҚАЖ Департаментінің Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандардың арасында қылмыстың қайталануын және әкімшілік құқықбұзушылық жасаудың алдын алу мақсатында Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасымен бірлесіп, 2024 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында есепте тұрған сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру бойынша ашық сот отырысы өткізілді.
Атап айтсақ, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғандығы, оның ішінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 440 бабы 1 бөілігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін Астана қаласының ауданаралық сотының қаулысы бойынша пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды және бас бостандығын шектеудің өтелмеген 2 жыл 5 ай 19 күн мерзімі қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айыру жазасы түріне алмастырылды.

Аталған ісшараға қатысу үшін тәуекелі жоғары топқа жатқызылатын сотталғандар шақырылды. Бұндай ісшаралар тұрақты түрде жүргізіліп отырылады.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...