12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бас бостандығынан айыру орнынан шыққан азаматтарды әлеуметтендіру аясында дөңгелек үстел өтті

Бүгін, «Жігер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бас бостандығынан айыру орнынан шыққан азаматтарды әлеуметтендіру аясында дөңгелек үстел өтті.
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығынынң жұмысын ұйымдастыру» тақыбында өткен кездесуге Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде «Жігер» мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы ,заңгер Мұрат Джумадилаев баяндама жасап, жыл көлемінде түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен және пробация есебіндегі сотталғандармен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Жыл басынан «Жігер» қоғамдық қорымен пробация есебіндегі 289 сотталғанға әлеуметтік -құқықтық көмек көрсетілген. Сондай-ақ есептегі азаматтармен спорттық мәдени шаралар ұйымдастырлып өткізілген.

Дөңгелек үстелде пробациялық бақылау есебіндегі сотталған тұлғалардың арасында қайта қылмыс жасаудың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оларға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсету мақсатында жастар арасында проблемаларына арналған, қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып табылатындығы айтылып, оларды іске асыру бойынша нақты шешімдер қабылдау мен ұсыныстар қарастырылды.

Жиын соңында қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполоковнигі Р.Алимов, пробация инспекторлары: әділет майоры Н.Баймурзаев, әділет капитаны Р.Сыздықов, әділет капитаны М.Спанов, әділет майоры Г.Жылкаманова, әділет капитаны Ж.Исмайлова, әділет лейтенанты А.Қалымбетова, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың Алғыс хатымен марапатталды.

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...