Басқаның қателігінен сабақ алу

Біз жаңа нәрсені, жаңа тапсырманы, кез-келген жағдайды немесе өмірлік жағдайды кездестіргенде, алдымен біз оны белгілі алгоритмдерге сәйкес шешуге тырысамыз. Яғни, біз белгілі әдістерді қолданамыз — басқаша айтқанда, танымдық немесе мінез-құлық үлгілері. Егер әдіс жұмыс істесе, қате болмайды.
Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза үшін сотталғандарды пробация қызметіне есепке қою кезінде олар көбінесе тағайындалған жазаның мәнін түсінбейді немесе соңына дейін ұғынбай бұзушылықтар жасайды, сол үшін кейін сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында болуы мүмкін.
Осындай бұзушылықтардың алдын алу үшін 31.05.2022 жылы Сарыарқа ауданының пробация қызметі қайта қылмыс жасауға бейім тобында тұрған сотталғандар үшін ашық сот процесін өткізді. Осы процесте бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзған сотталған адамға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жазаны бас бостандығынан айырудың осындай мерзіміне ауыстыру туралы мәселе қаралды.
Бұл сот процесі сотталғандарға басқа біреудің теріс тәжірибесі ретінде, болашақта мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін арнайы көрсетілді.
Осы процестің нәтижелері бойынша Сарыарқа ауданының прокуратурасы осы сотталғандармен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды өтеу кезеңінде бұзушылықтардың алдын алу үшін әңгіме жүргізді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...