12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Басқа елдерді ренжіткім келмейді. Тек Қазақстанда бәрі керемет екенін айтамын». Михаил Ломтадзе Қазақстандағы инновациялар туралы айтты

2022 жылдың 26 ​​қазанында 3-ші халықаралық «Шекарасыз финтех. Digital Eurasia» ПЛАС-форумына 28-ден астам елден қонақ қатысты. Алғашқы күннің ең қызықты сәттерінің бірі Михаил Ломтадзенің сөз сөйлеуі болды.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі сөзін Қазақстанда инновациялардың немесе цифрлық қызметтердің ену деңгейі форумға қатысушылар келген 28 елмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін айтудан бастады. Дәлел ретінде ол Kaspi.kz -тегі қазақстандықтар мен шетелдіктердің пікірін келтірді.

«Мен басқа елдерді ренжіткім келмейді», — деп түсіндірді Михаил Ломтадзе. — Бірақ мен Қазақстанда бәрі керемет екенін және біз оны мақтан тұтатынымызды айтқым келеді».

Kaspi.kz басшысының айтуынша, Қазақстан орасан зор серпіліс жасап, керемет нәтижелер көрсетті. Соңғы үш жылда елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 5 еседен астам, электронды коммерция 3 еседен астам өсті, Kaspi.kz суреркосымшасы арқылы 8,5 миллион адам мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz қызметін 400 мыңнан астам компания пайдаланады. Kaspi.kz – елдегі инновацияның локомотиві және алға сүйреуші.

Компания үнемі инвестиция құйып, ең заманауи технологияларды жасайды және олар қазақстандық компанияларға, негізінен шағын және орта бизнеске қолжетімді. Технологиялық платформаларға қосылу арқылы компаниялар сату көлемін арттырады, бизнесін дамытады және қосымша жұмыс орындарын ашады.

Еріктілер кеңесі мүшелері Медеу ауданы әкімдігімен ұйымдастырылған жаңа жылдық іс-шараға қатысты

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік...

Денсаулық және құқық-адам игілігін қорғаудың тетігі

   Денсаулық-адам өмірінің басты құндылығы. Жеке тұлғаның физикалық және...

Заңгер дайындау-қоғам дамуының өзегі

     Бүгінгі әлемдегі қарқынды өзгерістер білім беру жүйесіне жаңа...

ҚазҰУ-білім мен ғылымның көшбасшысы

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім беру...