Мекеменің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушылары қадағалау және күзету бойынша бақылаушыларға бөлінеді. Қадағалау бойынша бақылаушылары мекемедегі сотталған азаматшаларды қадағалауды жүзеге асырса ал күзету бойынша бақылаушылары күзетуді, сотталғандарды қашырып алмау жүйесімен айналысады.
Бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы және орынбасары жалпы нұсқаулық өткізілгеннен кейін күзету бойынша бақылаушыларға қосымша нұсқаулық жүргізу мақсатында, мекеменің қарауыл үй жайына барады. Қарауыл үй жайы БӨП, КБӨП, Пульт оператор бөлмелерімен және бақылаушыларымен жабдықталған. Онымен қоса бекет бақылаушылары бар.
Бақылап өткізу пункті мекеменің аумағына кірген және шыққан адамдарды заңдылыққа сәйкес тексереді. Көліктік бақылап өткізу пункті мекемеге кіріп шыққан автокөліктерді тексерістен өткізуді қамтамасыз етеді.
Пульт оператор бақылаушысы мекемеде орналасқан бейне камера бақылауларынжүзеге асырады. Тексеру бөлмесінің бақылаушылары мекемеге кіріп, шыққан қызметкерлер мен азаматтарға тексеру жүргізеді. Тексеру бөлмесі арнайы қазіргі заман талабына сай жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мекеменің кездесу бөлмесінің қызметкерлері ұзақ мерзімді кездесуге келген мекемде жазасын өтеуші сотталғанның туыстарының құжаттарының заңдылығының дұрыстығымен айналысса ал екіншісі қысқа мерзімді демалысқа келген азаматтық тұлғаларды кездесу орнына кіргізіп заңдылыққа сәйкес қысқа мерзім кездесу біткенше жанында болады. Мекеменің бақылаушылар қызметі бөлімінің қадағалау бойынша бақылаушылары наряд бастығы, ТИ, ЖАК бойынша бақылаушысы, медицинамаен қамтамасыз ету бөлімі бойынша бақылаушы қатаң жағдайдағы ұстау бекеті бойынша бақылаушыларымен қамтамасыз етілген.
Мекеменің бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы және орынбасары жоғарыда аталған бақылаушылардың әр қайсысының жеке қызмет орнына барып баяндама алады және қосымша нұсқаулық береді. Бақылаушы – негізінде осы мекеменің көп қызметін атқарын лауазым. Орта және жоғары аға басшы құрам қызметкерлері ұйымдастырумен, қамтамасыз етумен айналысса ал орындаушылар осы бақылаушылар. Бүгінгі таңда бақылаушылар қызметі бөлімінде бос лауазым жоқ. Жас шамалары әртүрлі қыздар мен жігіттер қызмет атқарады. Бөлім бастығы әділет майоры Ержан Қонысбайұлы және бөлім бастығының орынбасары әділет майоры Ринат Маратұлы үнемі — біз өз мамандығымызды сүйеміз, сол себепті жұмысымыздың сапалы болуына назар аударамыз. Білмеген сауалдарымызға жауап іздеп, білетінімізді қарамағымыздағы бақылаушыларға үйретуге талпынамыз дейді!


