Атырау қалалық Пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Шанс»әлеуметтік құқықтық психологиялық жасөспірімдерді қолдау орталығының психолог мамандарымен 1-ші тоқсан жоспарына сәйкес бірлесе отырып, «Бақытты отбасы»аясында тренинг шара өткізілді. Шараның басты мақсаты — зорлық- зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық-құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бағытында қызмет көрсетуоның ішінде әйелдерге қатысты зорлық зомбылықты алдын алуға, ана мен баланы қорғау. Отбасының қоғамдағы ролін күшейту, әр отбасы мүшелерінің қоғамдағы алатын орны туралы ескеру барысында тренинг пен психологиялық тест, сауалнама толтырылып және сергіту сәті жүргізілді. Кездесу нәтижесінде психологиялық әдістер арқылы тұлғалардың отбасындағы алатын орны, құндылығы және әке қайраты мен ана мейрімін балаға бөлу қажеттілігі түсіндіріліп, ұғындырып жеткізілді.


