12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Баланы асырап алу тәртібі

«Бала — туғандікі емес, баққандыкі» деп босқа айтылмаған болар. Яғни, баланы дүниеге әкелу жеткіліксіз, оны дұрыс тәрбиелеп, бағып-қағу, өсіру, білім беру өте маңызды екендігін білдіреді.

Елімізде баланы асырап алу Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен (бұдан әрі-Кодекс) және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Жалпы, баланы асырап алу – сот тәртібімен жүзеге асырылатын, баланың жаңа отбасына тұрақты түрде қабылдануын көздейтін құқықтық акт. Асырап алынған бала мен асырап алушы арасында ата-ана мен балаға тең міндеттер мен құқықтар туындайды.

Бала асырап алу тәртібі Кодекстің 87-бабында айқын көрсетілген. Яғни:

  • Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді;
  • Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ міндетті түрде прокурордың қатысуымен қарайды;

— Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет;

— Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргізуі оның тұратын жері бойынша жергілікті атқарушы органнан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткенге дейін оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады;

      — Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Ал, асырап алуға жол берілетін балаларға келсек:

      Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.

      Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.

      Егер, жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:

      1) қайтыс болған;

      2) баладан бас тартқан;

      3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;

      4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;

      5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;

      6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.

      Сондай-ақ, баланы туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алмаған жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар шетелдіктерге асырап алуға берілуі мүмкін.

     Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетінін ескерген жөн.

Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттеріне тоқталсақ:

      Бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті болып табылады.

     Сондай-ақ, бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

      Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар.

      Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндеттеледі.

      Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті болып табылатынын ескеріңіздер.

      Ал, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары — жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндеттеледі.

         Сотпен бала асырап алу бойынша іс қаралғаннан кейін сот шешімі заңлы күшіне енгеннен кейін:

         — Бала асырап алушының тегін, атын, әкесінің атын ала алады;

         — Туу туралы жаңа куәлік беріледі;

         — Баланың бұроынғы ата-аналарымен құқықтық байланысы тоқтатылады (ерекше жағдайларды қоспағанда).

         Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырап алу құпиясы қорғалады. Құпияны заңсыз жария ету жауапкершілікке әкеп соғатынын білген жөн.

         Қорытындылай келе, баланаы асырап алу – өте маңызды әрі жауапкершілігі мол қадам десек болады. Өкінішке орай елімізде тастанды, жетім балалар аз емес, алайда сол балалардың барлығы жаңа, жақсы отбасыға барып бақытты өмір сүрсе, жақсы тәлім-тәрбие алса деймін, әр баланың бақытты балалық-шағы болуы керек, өйткені әрбір сәби бақытты болуы үшін жаралған.

Жамбыл облысы кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы                                                           Замира Смағұлова                                    

Shymbulak напомнил о правилах безопасности в горах в лавиноопасный период

В период повышенной лавинной опасности горный курорт Shymbulak призывает...

Баланың тұрғылықты жерін айқындау мәселелері

         Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау – ата-аналар...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, өсуіне...

Балалармен кездесу тәртібін анықтау

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан...

Сот саласындағы мұрағаттың маңызы мен рөлі

Сот саласының мұрағаты – құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды құрылымдардың...