АКАДЕМИЯ БАСТЫҒЫ КУРСАНТТАРМЕН БІРГЕ БАРЫП, КӨП БАЛАЛАЛЫ АНАҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Биылғы жаңа жыл қарсаңында ІІМ Алматы академиясының бастығы Қалижан Қобландин жеті бала тәрбиелеп отырған ананың үйіне барып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға кішігірім сыйлықтар берген болатын. Сол кезде академия басшысы бұл отбасының ауыр тұрмысын көріп, болашақта да оларға қолдан келгенше қолдау көрсетуді ұйғарған еді. Содан бері академия қызметкерлері мүмкіндігінше осы отбасына көмектесіп келеді.
Жеті перзенттің анасы Гулсара әлі кішкентай балаларының тәрбиесімен де, үй шаруасымен де өзі ғана айналысады. Сондықтан кез келген көмек ол үшін өте маңызды.
Бұл жолы академия басшысы курсанттармен бірге барып, оларға мұқтаж жандарға қайырымдылық пен қамқорлық жасаудың үлгісін көрсетті. Олар отбасыға әкелген көмірді түсіріп, реттестіріп берді.
Қасиетті рамазан айында ананың ақ батасын алу әрдайым ерекше сезім сыйлайтыны анық, Курсанттар халыққа қызмет ету — ең алдымен адамдарға көмектесуден, қарапайым жақсы істерден басталатынын сезініп қайтты.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...