Баланы 5 жасында мектепке беру: депутат жаңа ережеге наразылығын білдірді

Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Оқу-ағарту министрлігінің жаңа үлгілік ережесіндегі балаларды бес жастан мектепке жіберуді міндеттейтін талаптарға наразы болды. Ол оқушы сыймай, үш ауысымда оқитын мектептердің балаларды бес жастан қабылдауға дайындығына күмән келтірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Министрліктің биыл 30 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына» кезекті сұрақ туындады. Бұл балалардың мектепке дейінгі ұйымдарды бітіру мерзімдеріне қатысты. Жаңа ережелерде биыл, яғни 31 желтоқсанға дейін 6 жасқа толатын балалар мектептің бірінші сыныбына баруы керек.

Мұндай балаларға толық алты жасқа толған күннен бастап бюджеттен қаржыландыру тоқтатылады. Бұл олардың оқу және мектепке дайындалу процесінен өтіп жатқан кезде болады. Жыл ортасында оқудан шығып қалмаудың бірден-бір жолы – баланы 5 жастан мектепке жіберу», — деді Смышляева министр Асхат Аймағамбетовке жолдаған сауалында.

«Оқушылар сыймайтын және үш ауысымды мектептер бес жасар балаларды қабылдауға дайын ба? Бұл мектептердегі орын тапшылығына байланысты орынды ма? Сонымен, ата-аналар бес жасар баланы мектепте беруге дайын ба?», — деп сұрады депутат.

Ол Оқу-ағарту министрлігін 5 жасар балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу сәтіндегі нақты жасына байланысты болуын қамтамасыз етуге шақырды.

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...

Без изоляции от общества 

Учреждения уголовно-исполнительной системы Восточно-Казахстанской области – структура не закрытая...