12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Балалармен кездесу тәртібін анықтау

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 61-бабына сәйкес, баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесінің (ерлі-зайыптылығының) бұзылуына, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы құқығына әсер етпеуі тиіс. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар.

  Кодекстің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкескелiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

         Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.

Егер ата-аналар келісімге келе алмаған жағдайда, дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған тәртіппен шешеді, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешеді.

Сондай-ақ, аталар мен әжелердің кәмелетке толмаған немерелерімен қарым-қатынас тәртібі туралы даулар да осылай шешіледі. Қазіргі кезде мұндай істер де сотпен көп қаралуда.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 қараша 2018 жылғы № 15 «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының  4 тармағының 4-6 абзацтарына сай, баладан бөлек тұратын ата-ананың баламен араласу құқығын, сондай-ақ осы ата-анамен араласу кезінде кәмелетке толмаған адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттігін негізге ала отырып, сот әрбір нақты істің мән-жайларын ескеріп, араласудың тәртібін (араласу уақыты, орны, ұзақтығы және т.б.) айқындайды және оны шешімнің қарар бөлігінде көрсетеді.

Ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау кезінде оның жасы, денсаулық жағдайы, ата-ананың әрқайсысына үйірлігі және баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның рухани дамуына әсер ететін басқа да мән-жайлар назарға алынады.

Бөлек тұратын ата-анамен араласу балаға зиян келтіруі мүмкін, ерекше жағдайларда сот баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығының және оның рухани дамуына зиян келтірмеу үшін ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға жол бермейтін Кодекстің 73-бабының 1-тармағын негізге алып, қабылданған шешімнің уәждерін баяндай келе, осы ата-ананың бала тәрбиесіне қатысу тәртібін айқындау туралы талап қоюды сот қанағаттандырудан бас тартады.

Баламен кездесу уақытын белгілеу барысында бірінші кезекте кәмелетке толмаған баланың мүддесі мен құқықтары басшылыққа алынуы міндетті болып табылады, тиісінше, сот тек ғана ата-аналардың,  ата-әжесінің талаптарын негізге ала алмайды.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін міндетті түрде орындалуға жатады. Егер, кездесу тәртібі жүйелі түрде бұзылатын болса, ол тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 6-бабының 5-бөлігіне сәйкес егер заңда немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып шешуге міндетті болып табылады.

Жамбыл облысы кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маман сот отырысының хатшысы      Умидахон Юлдашева

Баланың тұрғылықты жерін айқындау мәселелері

         Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау – ата-аналар...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, өсуіне...

Сот саласындағы мұрағаттың маңызы мен рөлі

Сот саласының мұрағаты – құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды құрылымдардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның қауіпсіздігі мен дамуына төнген қатер

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық және...

Сот қызметіндегі тіл – әділ соттың негізі

Тіл – сот төрелігін жүзеге асырудағы басты құралдардың бірі....