Балаларды қорғау күніне орай Қазақ мемлекеттік циркі балаларға жаңа қойылымын ұсынбақ

Бүгін Қазақ мемлекеттік циркі Балаларды қорғау күніне орай қоғамның ең кішкентай мүшелеріне жаңа қойылым ұсынды. Әдеттегідей жаңа қойылымның алғашқы күні мүмкіндігі шектеулі балаларға, балалар үйлерінің, интернаттардың тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналды. Басқа уақытта үйлерінен көп шыға бермейтін санатқа арналып қойылған қайырымдылық бағдарламасында балалардың ерекше қуанышына куәгер болдық.

 Цирктің сиқырлы әлемінің әрқашан балалар көңілінің төрінен орын алатынына тағы бір мәрте көзіміз жете түсті. Бағдарламаға цирк әртістері мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысып шеберліктерімен көрермендерін тәнтті етті.

Атап өтер жайт биыл балалар жылына орай балаларға арналған көп орындардың тегін болуын ата аналар көп өтініп жатыр. Бірақ жыл сайын алғашқы қойылымдарын қоғамның ерекше мүшелері мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы үйдің балапандары мен тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық ретінде қоюы цирктің әдетіне айналғанын ескере кету керек.  Осы орайда көрермендердің бірі  Оразақова Нұрғиса апамыз «Цирктің алғашқы күнінің көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып қойылуы көңіл қуантады. Бұл біздің қоғамымыздың әрбір мүшесін өз қамқорлығына алып, олардың мәселесін ұмытпағанын білдіреді. Жалпы биыл балалар жылына орай бар жақсыны балаларға арнап, мүмкіндігінше олардың көңілін көтеріп, көбірек көңіл бөлуіміз керек. Қазақ мемлекеттік циркі секілді балаларға тегін қойылымымен құшағын айқара ашатын орындардың санын арттыра түсуіміз керек» дейді.   

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...