12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Балалар шығармашылығына адал жазушы

ҚАЙЫМ  Қанат Қабділрашидұлы 1955 жылы 5 мамырда Семей (қазіргі Абай) облысы, Ақсуат ауданында  дүниеге келген. 

1972 жылы орта мектепті бітіріп,  1977 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің (КазГУ) филология факультетін тәмамдаған.

Жоғары оқу орнынан кейін жолдамамен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат сегізжылдық мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болды. Одан кейін Есік қаласында аудандық Пионерлер үйінің директорлығы, «Қазақстан пионері», «Қазақстан мұғалімі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Столичное образование» журналында бөлім меңгерушісі, «Дана-пресс» ақпараттық агенттігінде, Қазақ радиосының  балалар мен жасөспірімдер Бас рекциясының редакторы болып қызмет атқарды. «Алматы ақшамы» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары болды.

Баспагерлік жұмысын «Балауса» баспасының бас ректорлығы қызметінен бастап, 2002 жылдан бері «Ол-Жас Баспасы» ЖШС-нің  директоры.

«Пионерлік ферма» (деректі повесть), «Жалын» баспасы, 1984 ж., «Топан су» (әңгімелер), «Ол-Жас Баспасы», 2006 ж., «Еркеш-Еркебұлан» (повесть), «Баур» баспасы, 2008 ж., «Көпір астындағы үй» (хикаяттар, әңгімелер, Балғындарға базарлық, Ерте, ерте, ертеде, мектеп сахнасына), «Алматы – Болашақ» АҚ баспасы, 2020 ж., «Патшалар алқабына саяхат», 2023 ж., «Хиромантия», «Алтын балық»,  2024 ж.  кітаптары жарық көрген.

«Алматыкітап» баспасынан шыққан «Суретті өнер тарихы» энциклопедиялық басылымын (2014 ж.), Кэрл Вордерманның «Балаларды ғылымды танып-білуге жетелейік» атты  бірегей жүйелі құрылған көрнекі анықтамалығын (2014 ж.), А. Вайнбергтің «Жалықтырмайтын  астрономия» (2014 ж.),  Н.Зенковичтің «Назарбаевтай болғым келеді»  (2018 ж.) және «Атамұра» баспасынан шыққан Ирина Серкебаеваның «Бибігүл Төлегенова: сүйіспеншілік, үміт және сенім» (2014 ж.) кітаптарын қазақ тіліне аударған.

Автор-құрастырушы ретінде «Әрқашан дайын бол!» (Пионерлік қозғалыс шежіресі, «Жалын» баспасы, 1985 ж.), «Әліппе, саған мың алғыс» («Әліппемен» қоштасу ертеңгіліктері, «Әуен» баспасы, 2001 ж.), «Айналайын, абайла!» (Жол жүру ережесі баспалдақтары, «Балауса» баспасы, 2001 ж.), «Бабаңнан  саған не қалған» (әдеби-этнографиялық шаралар сенарийлері, «Ол-Жас Баспасы», 2003 ж.), «Той дегенде домалайтын қубастар» (Асабаға көмекші құрал, «Ол-Жас Баспасы», 2004 ж.) жинақтарын баспаға даярлап, шығарған.

Шығармалары «Жарты ғасырдың алтын қоры» (2-том, «Баур», 2007 ж.), «Қазақ киносының Құлагері» («Білім», 2007 ж.), «Кәусар бұлақ» («Баянжүрек», 2010 ж.), «Өмір шуағы» («Ол-Жас Баспасы», 2012 ж.), «Ең керемет дәм» (Ол-Жас Баспасы», 2015 ж.), «Сәби күлкілі Сәбең» («Баянжүрек», 2016 ж.), «Тәтті алма»(«Фолиант» 1-том – 2015 ж., 3-том – 2017 ж., 4-том – 2019 ж.) т.б. жинақтарына енген.

    Балаларға арналған «Ақ желкен», «Ұлан», «Дружные ребята», «Балдырған», «Жыл – он екі ай», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек» басылымдарының  тұрақты авторы. 2012 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Республикалық «Астана – Бәйтерек», халықаралық «Дарабоз» әдеби-шығармашылық бәйгелерінің бірнеше дүркін жеңімпазы болған. Біршама шығармалары бастауыш мектеп оқулықтарына енген.

Мұхиттан шалғайдағы қауыз мұхит 

(әңгіме)

Әкем біздің – алтын балық екеуіміздің арамыздағы әңгіме туралы білген де жоқ. Әңгіме болғанда енді, әңгіме емес.  Мен біздің үйдегі қауыздағы алтын балыққа өзімнің екінші тілегім – Елордадағы мұхитқауыз  – океанариумды көргім келетіні туралы айтқан едім.

Теледидар алдында кешкі жаңалықтарды қарап отырғанбыз. Бір уақытта менің көкейімдегі арманыма қиюластырып қойғандай, хабарды жүргізіп отырған апай «Кеше, Қызылорда облысынан келген бір топ оқушы ел астанасына туристік сапармен келіп,  қаладағы көрікті жерлерді аралады» дегеннен кейін сюжет көрсетіле бастады.  Ақорда, Байтерек, Хан шатыры, цирк үйі, «Алау» мұз сарайы … Бәрі-бәрі тізбектеліп өтіп жатыр.

«Балалар  астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығында да болды» дейді, журналист. Қалың нөпірмен араласып, қызылордалық балалар океанариумды аралап жүр. Мен бір сәтке дем ала алмай қалғандай болдым. Отырған  кресломның жақтауларына екі қолыммен тірелген кезде, «у-ух!» дегенімді өзім де байқамай қалыппын.

  • Сәкен, не болды? – деді әкем теледидар экранынан көзін аударып,  маған қарады да, – бір жерің ауырып отыр ма?
  • Жоқ-а-а, ана балаларды айтамын да. Океанариумды армансыз аралаған шығар, ә?! 
  • Иә-ә! – деді әкем. – Солай екен ғой, сені астанаға апарып келудің бір ыңғайы болмай-ақ жүр. Осы жолғы еңбек демалысымда міндетті түрде барамыз. 

Әкем маған қарап, көзін қысып қойды:

  • Әкел, қолыңды!

Әкелі-балалы екеуміз оң қолдарымыздың алақандарын шарт ұрыстық. 

  • Класс! – дедім мен. Сол сәтте қауызда жаңа ғана жайбарақат жүзіп жүрген алтын балыққа қарап едім, құйрық-жалы желбіреп, жалт-жұлт етіп, «билеп» жүр екен.

Мен теледидардағы өзге жаңалықтарды одан әрі қарағым келмей қалды.  «Ох, шіркін! Еңбек демалысымыз ертерек болса екен!». Менің  емес әлбетте, әкемнің демалысы.

Әдеті ғой, әлденені күтсең, әбігерің кетіп, уақыт деген жылжымай-ақ қояды емес пе? Енді мен үшін әрбір күн емес, әрбір сағаттың жылжуы тағатымды тауысатын болып алды.

Шыдауға тура келеді, әрине.

***

Енді  міне, қаланың толып жатқан қызықты жерлерін аралап-көруді сәл кейінірекке ысырып қойып, бірден «Думан» ойын-сауық орталығына қарай бет түзедік. Әкем, мен және әкемнің осындағы бауыры Қалижан ағаның өзім құралпы баласы Нұржан …

Сендер сайын даладан орын тепкен әсем қаладағы  мұхитта болып көргендерің бар ма? Ғаламат!  «Ailand»  деп аталатын  мұхиттың тамшысындай ғана, әлемде теңдесі жоқ окенариум сонау 2003 жылы ашылған екен. Ең жақын деген мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқандықтан Гиннес рекордтар Кітабына тіркелген.

Кассадан билет алып, кешеннің кірер есігіне жақындағанда, туристерді ертіп жүріп, мұхитқауыздың бүге-шігесіне дейін түсіндіретін Гаухар деген гид апайдың тобына қосылдық.

Гаухар апай әңгімесін ең алдымен океанариумның басты ерекшеліктерімен таныстырудан бастады.

Океанариум аумағының ең басты қауыздағы судың сыйымдылығы 3 миллион литр. Ол жердегі  үш көрме айлағында  көлемдері әртүрлі 20 аквариум орналасқан.

Мұндағы ең қызықты бөлім – негізгі қауыз көрінеді.  Оның төменгі жағында қалыңдығы 7 сантиметрлік таза акрилден жасалған үңгір жолдың ұзындығы 71 метрге жетіп жығылады дейді.

Осы бір үңгір жолмен  кетіп бара жатқанда өзіңді бейнебір теңіз түбінде  жүргендей сезінесің.

Қандай керемет десеңші! Айналаң, жан-жағың, тіпті үңгір жолдың үстіңгі бөлігі – төбесіне дейін теңіз – мөп-мөлдір су! Сол суда жүзіп жүрген үлкенді-кішілі, қызылды-жасылды, әралуан кейіптегі балақтар, теңіз мақұлықтарының қайсысына қарарыңды білмей, таңғажайып күйде боласың.

Океанариумның бірінші көрме  қауызынан  Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азиядағы тұщы суларды мекендейтін «тұрғындарды»  тамашалауға болады.

Бір қызығы, етқоректі жыртқыштар  –  пираньялармен қат-қабат олардың вегетариан «туыстары» қоңыр пакулалар да бір кеңістікте жүзіп жүре береді екен.

  • Апай, – деді топтағы балалардың біреуі. – Океанариум неге үш айлаққа бөлінеді?

Гаухар апай сәл аялдап, жаңағы сұрақ қойған балаға қарады:

  • Сенің атың кім?
  • Нұрбол.
  • Иә, Нұрбол, бұл жерде әлемнің әр түкпірінен әкелінген үш мыңға жуық суасты тұрғындарының жүзден астам түрі тіршілік етеді. – Гид апай балалардың  барлығын өзіне қаратып алды.  – Сондықтан да қауыз ішінде олардың тіршілік ету кеңістіктерінің ерекшеліктеріне сәйкес келетін арнайы аймақтар жасалынған. Ол қауыздардың тұрғындары Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азияның су айдындарынан, тропикалық жылы өзендерден, теңіздерден, теңіздер мен мұхиттардың кең жазира алқаптарынан әкелінген.  Мұнда жағалауға жақын терең сулар мен маржан рифтерінің тіршілік иелері, әртүрлі жыртқыш және улы балық өкілдері де бар.
  • Сонда қауыздағы аймақтың сулары әр түрлі бола ма?
  • Әрине. Мәселен, кейбіреулер бұл жердегі тұзды суды мұхиттар мен теңіздерден таситын шығар деп ойлаулары мүмкін. Шын мәнінде ондай су осында дайындалады. Ол үшін Қызыл және Өлі теңіз жағалауынан жыл сайын 120 тонна теңіз тұзы жеткізіледі.

Топ арасынан балалардың тағы біреуі қолын алға созып:

  • Апай, апай! Бұл жердегі балықтар қолдан жасалған суға үйренісе алмай, өліп қалмай ма? – деп сұрады.
  • Мұнда балықтардың опат болу жағдайлары өте сирек. Ондай жағдайлар негізінен тасымалдау кезінде кездеседі.  Жәндіктерді көбінесе қыс мезгілінде тікелей рейстермен әкеледі. Ол үшін ауа және оттегімен құнарландырылған теңіз суы құйылған арнайы контейнерлер пайдаланылады. Ал жаз маусымында ауадағы температура құбылысына балықтар шыдас бермейді.

Балалардың Гаухар апайға деген сұрақтары қарша борады.  Бәрін бірден біліп алғылары келетіндей. Апыл-ғұпыл, асығыс-үсігіс бастырмалатады келіп:

  • Апай, сонда осындай үлкен қауыздардағы  балықтарды қысы-жазы қалай бағады?
  • Олардың барлық жағдайларын жасаудың өзі оңайға түспейтін болар, иә?  

Гаухар апай балаларды тағы да сабырға шақырып алып:

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, – деді. – Океанаримдағы тіршілікті бір қалыпта ұстап тұрудың өзі ерекше жағдайды қажет етеді. Ол үшін дәл осы жерде техникалық жағын қарайтын жұмыскерлер, мұхит тұңғиығына түсіп, жануарларды бақылап, азықтандыратын сүңгуірлер, судың температурасын, судағы оттегі, нитраттар, аммиак мөлшерін реттеп отыратын лаборанттар, мұхит жағдайын жетік білетін арнайы мамандар сияқты жалпы саны отыздың үстіндегі қызметкерлер жандарын салып, еңбек етеді. Олар осының барлығының  жиынтығын белгілі мөлшерде ұстап отыруға жауапты.

Океанариумдағы су құбырының өзі 11 шақырым болады. Онда одан өзге 34 гидравликалық сорғы, үлкен-үлкен алты құмсүзгі, әрқайсының  сыйымдылығы екі жүз литр болатын тазалау жүйесі судың химиялық құрамы мен оның мөлдірлігін қамтамасыз етіп отырады.

«Иә, – деп ойладым мен. – Мынандай алапат аумақты алып жатқан су айдынын күтіп-баптау оңай шаруа емес, әрине. Жаңағы Гаухар апай айтқан отыздан астам адам дегені, тек қана техникалық қызмет көрсету өкілдері. Ал енді, кешен ішінде, қауыздар аралығында осы жерге келушілерге жұмыс жасап жүрген қызметкерлер  қаншама десеңші?!»

Дәлізді бойлай орналасқан ірілі-ұсақты аквариумдардағы майда балықтарды былай қойғанда, мына жасанды мұхит айдынында ойқастаған небір алып балықтарды айтсаңшы, көлемдері де, сырт келбеттері де әралуан. Аузыңды ашып, көзіңді жұмып, таңғалып, таңырқамауға шараң жоқ, тіпті!

Жол бойындағы қалың шынымен қоршалған «мұхит әлемінің» айдынынан  күн сайын теледидар экранынан көріп жүрген экзотикалық теңіз мақұлықтарының небір түрлерінің тірідей қимылдағандарына қарап, таң-тамаша күйдеміз.

Мұнда теңіз жұлдыздары да, тас балық, теңіз жылқысы, арыстан-балық, жайра-балық, сиыр-балық, ит-балық, актиния, жапонның жауынгер балықтары дейсің бе, тақуа шаян мен теңіздің алып шаяндары – омарлар да бар.

Бұл жерде алпауыт теңіз алабұғасы, орасан зор губандармен бірге океанариумның ең басты тұрғындары  – акулалардың бес бірдей түрі тіршілік етеді. Олардың арасындағы, әдетте Үнді және Тынық  мұхиттарында он сегіз метр тереңдікте өмір сүретін ақтеңбіл мысық акулалар күндіз суасты жықпылдары мен үңгірлерінде жасырынып, түнгі тұрмыс жағдайында тіршілік етеді екен. Дәл солардай өмір сүретін мұртты нянька-акулалар Атлант теңізі мен Тынық мұхитының шығыс бөлігінде 130 метр тереңдікте өмір сүретін көрінеді. Мұндай акулалардың ұзындықтары 4 метр 30 сантиметрге дейін жетеді дейді.

«Думандағы» аққанатты рифтік акула – сұр акулалардың рифтік түрлерінің  бірегейі болып табылады. Олардың өзге туыстарынан ерекшелігі – жүзу қанаттарының ұштары ақ түсті болады. Негізінен Үнді және Тынық мұхиттарында бір метрден бастап, 330 метрге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді дейді.

Окенариумдағы суасты мақұлықтарының өмірлері небір тамашаларға толы екені анық. Бірақ, оның барлығын сырттай бақылаушылар әркез көре бере алмайды. Алайда, мұнда  келушілердің мұхиттағы тіршілік иелерін тамақтандыру сәттерін тамашалауға мүмкіндіктері  бар.

Маман сүңгірулер күніне екі рет су астына түсіп, «акулаларды жемдеу» деп аталатын қызықты әрі қауіпті трюктарымен туристерді таң-тамаша қалдырады екен. Расымен, үстілеріне арнайы киімдер киген сүңгуірлер тұңғиықта жүзіп, ауыз тұстарынан ақ көбік көпіршіп, мұхиттың алып жануарларымен қоян-қолтық араласып, оларды арқаларынан, бауырларынан, жүзу қанаттарынан аялай сипап жүргенде бір жағынан қызыға қарасаң, бір сәт бойыңды қорқыныш сезімі билейді екен.

Айтпақшы, шым-шытырық сезімге жандары құмар, жүрек жұтқан, акулалар мен теңіз тасбақаларының, мурендер мен басқа да мұхит балықтарының араларында бірге жүзгісі келетіндер тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен үш миллион литр көлемдегі суы бар океанаруимның айдынында «серуендеуге» мүмкіншіліктері бар көрінеді. Әрине, бала-шаға емес, ересек адамдар.

Одан кейінгі әсерлі көріністің бірі – «Су перісі – русалка шоуы». Үш метрлік тереңдікте кемпірқосақ түстеріндей сан құбылып, жарқылдаған қабыршақтары бар жүзу құйрығын желбіретіп, айрықша суасты костюмі мен жарғақ аяғы желпілдеген су перісі балықтармен скаттар арасында жүзіп келгенде, бейнебір ертегі патшалығына еніп кеткендей боласың.

Русалка су астында аунақшып, домалап, балалар мен үлкендерге қол бұлғап, мың бұрала билеп, айналасындағы теңіз жәндіктерін де аймалап  қояды.

Иә, ұмытып барады екенмін ғой. Окенариумда 2006 жылдан бастап «Қазақстан балықтары» деген  көрме аймағы да жасалған екен.

  • Бұл жобаның негізгі мақсаты –  республикамыздың шексіз байлығы – суасты өсімдіктері  мен жануарларын туристерге таныстыру, – деді Гаухар апай. – Мұнда Қазақстандағы 12 түрлі ихтиофаунаны таныстыратын суастының 150-ден астам тіршілік иесі  мекендейді.

«Жалпы, дәл осы океанариум – кең байтақ қазақ жерінде тұрып, суасты патшалығының ғажайыптарын өз көздерімен көруді аңсап жүрген мен сияқты миллиондаған адамдардың жүзеге асқан армандары десе де болатын шығар!» деп ойладым мен.

  • Иә, аяулы менің алтын балығым! Ғажайыпқа сену керек екенін өзіңе қарап, біліп келемін. Екі тілек – екшеусіз орындалды.

Енді, үшінші тілек … Алтын балықтан үшінші тілегіме не сұрасам екен?

Бәлкім,  «дәл осындай, тіпті осыдан да ғаламат мұхит-қауз – океанариу- мымым  болсын» десем бе?

Әй, қайдам. Жер шарындағы ең жақын деген мұхиттан үш мың шақырым қашықтықта орналасқан, бүкіл қауызының сыйымдылығына 3 миллион литр су қажет болатын, оның іші алуан түрлі, мың-сан мұхит мақұлығы толы ондай дүниені кім бере қойыпты, маған?!

Қайдан білесің, алтын балық алдыңғы екі тілегімді бұлжытпай орындады ғой! Үшінші, соңғы тілегімді де жерде қалдырмау не тұрады оған!  Өмір деген ертегі сияқты ғой. Ертеңі бар ертегіге неге сенбеске?

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....