Балалар колониясының кітапханасы, кітап қорымен толықты

     Алматыдағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекеме –еліміздегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер жазасын өтейтін жалғыз оқшаулау орны. Қазіргі уақытта мұнда аяғын жаза басқан 63 жасөспірім жазасын өтеп жатыр.

   Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай, еліміздегі бірден бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Жазасын өтеушілер бос уақытында осы жерден өздеріне керекті ақпарат алады, көркем шығармалар, газет журналдар оқиды. Ал бұл аяғын жаза басқан жеткіншектер үшін аса қажет екені айтпаса да түсінікті.

        Қазіргі таңда мекеме кітапханасының қорында барлығы 4000 астамкітап бар. Оның жартысы қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде. Сонымен қатар 3-электронды планшет кітап бар. Мұнда әдеби кітаптар, фантастикалық, детектив шығармалар, шетелдік классика, психологиялық жанрда жазылған туындылар көп. Сондай ақ, кітапхана сөресінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен сыйлыққа берген 60 діни кітап бар. Осы орайда айта кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілдері кітапханаға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында былтыр 43 кітап сыйлаған. Жуырда колония кітапханасы тағы да жаңа кітаптармен толықты. «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 150 кітап берді. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 28 діни кітап сыйлыққа тарту етті. Алматы қаласының Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы жақын күнде өткен «Кітап оқуға құштарлық атты!» іс шарада 20 кітап сыйлыққа беріп, кітапхана қорын толықтырды. Сонымен қатар жазасын өтеуші жасөпірімдер қолдары бос кезінде кітапханаға келіп оқырмандар клубында жыл сайын өтетін іс шараларға қатысып, оқыған кітаптарын талқылайды.

                                                                             №11 мекеме  Еркегүл Жеңісхан

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...