Балалар үйіне жылу сыйлады

СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті ЕС-164/3 мекемесінің жеке құрамы Петропавл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін аралады. Балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Жыл сайын СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері «Балалар үйіне» көмек көрсетеді.

Ата-ананың мейірімділігінен айырылған балаларға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіне отырып, қызметкерлер қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға, бүкіл ұжымнан жылулық пен қамқорлық жасауға тырысады. Биыл Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мекеме қызметкерлері іргелес аумақтар мен балалар алаңдарын абаттандыруға көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Қызметкерлер үйшіктерді сырлауға, аумақтағы шөптерді жинауға және ағаштарды ақтауға көмектесті. Балалар үйінің ұжымы көрсетілген көмек үшін қызметкерлерге алғысын білдірді.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...