Балалардан біз күш аламыз. Бұл туралы бүгін мақтанышпен айтамыз. Балалардың еркін өсіп, білім алуы үшін біз қылмыспен, ұрлықпен және басқа да зұлымдықпен күресуіміз керек. Бүгінгі таңда, бала тәрбиесіне отбасы, ата-ана ғана емес, мемлекеттің де атсалысуы өте маңызды.
Балаларды қорғау, олардың қалыпты балалық шақпен өмір сүруін қамтамасыз ету – әрбір адамның азаматтық борышы, мемлекеттің басты міндеті.Балаларды қорғау күніне орай, Астана қаласындағы «Байқоңыр» аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың балаларына материалдық көмек көрсетті. Сотталғандар мен олардың балалары, Байқоңыр ауданының пробация қызметіне шын жүректен ризашылықтарын білдірді.


