12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

     Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс — әрекетін дұрыс ұйымдастыру. 

      Баланың күн тәртібіне, жеке басына қойылған талаптар мен міндеттеріне аса назар аудару қажет, үй еңбегіне араласуына, алып жатқан біліміне, қызығушылықтарына, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу әр ата-ананың парызы.

     Бала мектепте 5 немесе 6 сағат болса, қалған уақытта үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, киетін киімін қадағалап, одан басқа баланың оқитын мектептегі мұғалімдерімен байланыста болып, сабақ үлгерімі мен тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Жүйелі білім алуына ата-аналар жағдай жасауға міндетті. Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да, бала тәрбиесіне ата-аналар асқан жауапкершілікпен қарау керек .

Бала үшін үй ішінен ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы-бақытты отбасы. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да, орны бөлек. Баланы еңбекке баулу ететін де әкесі мен шешесі. Тату отбасы балаға үлгі, сыртта жүргенде қатарластарының арасында ата-анасымен мақтан етеді.

Әсіресе, ана балаға үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал әке өзінің ісімен тәрбиелейді.

Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де  білмей жататын әкелер бар.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қаралатын істердің 50 пайызы неке бұзу туралы азаматтық істер. Бұндай істерді қараған уақытта сот отырысына дайындықта да, сот отырыста да, тараптарды татуластыру рәсімін жүргізіп, бірінші балдардың жағдайын ойлауға бағдарыс беріп, олардың келешегін ойлануға уақыт беріп, толық отбасыда балдардың өскенін дұрыс екеніне көз жеткізіп, бірден ажырасуға жол бермей, сотта психолог пен медиаторларды кірістіріп, екі тарапты татуласуға көп жұмыс атқарылады.

Сонымен, сот саласынан, әр ата-ана балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты екендерін, одан басқа, үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы екенін екі жаққа түсіндіріп, некені бұзу туралы дауды ойланып шешуге судьялар көп жұмыстар атқарады.

Ақтөбе облысының 

кәмелетке толмағандардың істері 

жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық сотының судьясы А.Е.Мусина

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...