12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бала – ұлт болашағы

Қазақ қай заманнан бері ақиқатын айтатын, елге сөзі өтімді тұлғаларды дау-шардың ақ-қарасын айтсын деп қазы сайлап, «би» деп айдар таққан.

Әділдігімен елдің ауызынды жүрген, дала заңының сақталып, көшпенділер мәдениетінің салтанат құруы жолында қара қылды қақ жарған билердің қызметін осы күндері соттардың атқарып жүргені белгілі. Бабалар салған сара жолға қарар болсақ, билер тек қана дауды шешуші емес, халықты түзу жолға бастайтын дұрыс адам, ел ішіндегі аса маңызды шаруаларды шешуде ақылшы, ұрпақты тәрбиелейтін тәрбиеші болған.

Сондықтан болар, «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қазақтың керемет нақылын ұстанған менің ойлар ойым да, айтар сөзім де ұрпақ тәрбиесіне, отбасының құндылығына ауа береді.

Көштен қалмайық деп жаһанданудың керегін де, керек емесін де үстімізге жамай берген қазіргі қоғамда кейбір жандар үшін отбасының, бала тәрбиесінің маңыздылы қалмағанын айтып та, жазып та жүрміз. Шырылдайтын себеп те бар. Соттар ешқашан некені бұзуға асықпайды. Арыз түскен күннен бастап шешім шыққанға дейін, тіпті шешім заңды күшіне еніп, орындалуға кеткенге дейін тек қана бітімге келуді, отбасын сақтауды ғана сөз етеміз. Оған бірі құлақ асса, бірі қырын қарайды.

Осы күндері көңіліме кірбің салған жайттар орын алып жүр. Оның бірі – әке құқығынан айыру туралы арыздардың сотта қаралуы. Ажырасып, баланы көрсетпегені былай тұрсын, енді баланың әкесін бала өмірінен бір жола аластату. Осындай істің бірі облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралды. Бірінші саты сотымен талап қанағаттандырылмаған. Талап қоюға және құжатқа қарағанда, бала туған кезде ерлі-зайыптылар ажырасқан. Содан бері әкесі баланы 5 жылға жуық уақыт көрмеген. Алимент өндіру туралы сот актісі де бар. Уақытында төленбегендіктен қарызы да қордаланған. Бар мәселе осы алименттің уақытында төленбегендігінде болып тұр.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 75-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сай егер ата-аналар ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса ата-ана құқықтарынан айырылатыны көзделген.

Алайда жауапкердің сөзіне қарағанда, жақында әскери борышын өтеп келгенін, келгелі баласын бірнеше рет іздеп барғанын, бала әлі өзін дұрыс танымайтынын, өзін әкесі ретінде танып өскенін қалайтынын, алдағы уақытта алимент төлейтінін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 қараша 2018 жылғы №15 «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 13 тармағына сай, ата-ана құқықтарынан айыру ең соңғы шара болып табылады.

Жауапкердің «Берешек туралы қаулыға сай көлемді берешек жиналып тұрғаны» туралы уәждері сот шешімін бұзып-өзгертуге негіз бермейді. Талап қоюшының басқа отбасы бар екені, бала бүгінгі күні ата-әжесінің қарауында екені белгілі болды. Сондықтан, дәл осы жағдайда жауапкердің әкелік құқығынан айыру үшін алиментке қарызы негіз болып табылмайды. Бұл жердегі мәселе біреу ғана. Бала үшін өз ата-анасынан жақын ешкім жоқ. Баланың ата-анасын сыйлап өсуі оның жақсы азамат болуына ықпал етуі мүмкін.

Шолпан Маликова
Қызылорда облыстық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...