Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, былтыр елімізде шаруашылықтардың барлық санаттарында 4990,6 тонна бал өндірілген. 1990 жылдарға дейін еліміз жылына 30 мың тонна бал өндіріп, оның 10 мың тоннасын экспортқа шығарғанын ескерсек, бұл көңілге кірбің түсірететін көрсеткіш.

Егер өндірілген өнім көлемін аймақтар бойынша қарастыратын болсақ алғашқы бестікте Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы тұр. Ал кеңестік дəуірде Қазақстандағы омарта шаруашылығының орталығы болады деп жоспарланып, арнайы «Бал клас терін» құру жобаланған Алматы облысы былтыр алтыншы орынды қанағат тұтты. Мұнда 2024 жылы 217,1 тонна ғана бал өндірілген. Жақында «QazTrade» ұлттық экспортты ілгерілету операторының бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров, Венгрияның Aranynektár Kft жəне Fulmer Hungarian Honey Ltd компаниялармен келіссөз жүргізгенін жариялады. Оның қорытындысы бойынша алғашқы 20 тонна балды Венгрияға жеткізу жоспарланып, онда отандық 80-нен астам бал үлгісі зертханалық тексерістен өткізілуде. Егер бұл компаниялардың əлеуетіне көз жүгіртер болсақ 2001 жылы құрылған «Aranynektár Kft» жылына 4 мың тоннаға дейін балды қайта өңдеп, Еуроодақ, Таяу Шығыс жəне Азия елдеріне экспорттайды. Ал ғасырлық тарихы бар жəне отбасылық бизнес саналатын «Fulmer Hungarian Honey Ltd» компаниясы органикалық бал өнімдерін 40-қа жуық елге шығаратын Еуропадағы ең ірі компания саналады.
Омарта өнімі өзімізде өңделмей тірлік өнбейді
QazTrade мəліметінше, 2024 жылы қазақстандық бал экспорты $1,58 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 57%-ға өскен. Жалпы бүгінде қазақ балы Қытай, Канада, АҚШ, Сауд Арабиясы, БАƏ жəне басқа да елдерде саудаланып жүр. Алайда омарта шаруашылығында да еліміз əзірге тек шикізат өндіруші болып отыр. Мемлекет басшысы былтырғы жолдауында: «Азаматтар, əсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі. Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нəтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тəсілді, яғни «тауар несиесін» беру мəселесін қарастыру қажет. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге жəне сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Əр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Осындай жоба «Amanat» партиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Үкімет пен əкімдер бұл тəжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойлас тыруы керек», – деген еді. Өкінішке қарай бұл бағытта айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қала тұрмақ, ауылдардың өзінде ай сайын жүздеген, мыңдаған адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, мемлекеттік жəрдемақы алуда. Бұл туралы Алматы облысы Райым бек ауданы Қостөбе ауылының тұрғыны, еліміздің құрметті омарташысы, осы саладағы бірден-бір жетекші зерттеуші-ғалым Манасбек Сарыбаев: «Қазір Нарынқолда 550 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, Үкіметтен ай сайын белгілі бір көлемде ақша алады. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінуі мүмкін. Алайда бұл бюджет қаржысы құмға құйылған судай жұтылып, халықтың əлеуметтік тұрмысын жақсартуға да, елдің экономикалық əлеуетін арттыруға еш пайдасы болмауда. Егер ай сайын берілетін бұл көмек белгілі бір кəсіпті меңгеріп, өз тіршілігін өзі қамтамасыз етуге ынталандыруға жұмсалса нəижесі басқаша болар еді. Мəселен, ауылдық жердегі жұмыссыз азаматтарға берілетін ай сайынғы көмектің көлемі бір омарта ұясын сатып алуға жетеді. Оны үйінің ауласынан ыңғайлы орын тауып, орнатып, қалған уақытта өзінің əдеттегі тірлігін жасап жүре беруіне барлық мүмкіндік бар. Соның өзінен жылына 100 бен 400 мыңның арасында табыс табуға болады. Ұя санын көбейткен сайын табыс та ұлғая беретінін ескерсек, бұл кəсіптің пайдасы ұшан-теңіз», – дейді.
Омарта шаруашылыы – стратегиялық маңызы бар сала
2007 жылы «Омарта шаруашылығын дамыту жəне қолдау» қорын ашып, Алматы облысындағы бірнеше мектепте 5 жыл бойы ғылыми эксперимент жүргізген Манасбек Сүгірбекұлының сөзіне қарағанда, Алматы облысында «Бал кластерін» құру жобасы жасалғанын бүгінде миллионнан біреу ғана біледі. Көпшілік қауым одан мүлде хабарсыз. Шикізатты өндіру, өңдеу, өңделген дайын өнім түрлерін сатуға дейінгі бүкіл үдерісті қамтитын үлкен өндірістік жүйені қамтитын кластерлік үлгі қазіргі таңда əлемнің бірқатар дамыған елдерінде жүзеге асырылуда. Егер ауыл шаруашылығының əлеуетін жоспарлап, тиімді жүргізетін болса, Алматы облысы мемлекеттік бюджетке тəуелділіктен бірнеше жылда толық арылуына барлық мүмкіндігі бар. Бұл үшін тек əлеуетті бағалап, оны ел игілігіне тиімді жарату үшін ғылыми түрде негіздеп, жүйелі іс-шараларды қолға алу қажет. Омарта шаруашылығы стратегиялық маңызы бар сала екенін өкінішке қарай ешкім ескеріп, оның дамуына қолайлы жағдай жасап жатқан жоқ. Ол ең алдымен халықтың интеллектісін көтеруге, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал өсімдік шаруа шылығында тыңайт қышсыз жəне ешбір қосымша шығындарсыз өнімділікті 35 пайызға дейін ұлғайта алады. Омарта шаруашылығының əлеуетін тиімсіз пайдаланудың нəтижесінде, əлемге алманың отаны ретінде танылған Қазақстан əлі күнге дейін өзін-өзі алмамен қамтамасыз ете алмай, импорттық өнімге тəуелді боп отыр. Мысалы, 1972 жылы тек Нарынқол өңірінде бір айлық оқу курстары ұйым дастырылып, 9 колхозда омарта шаруашылығы ашылған еді. Кейін ондағы мамандардың жылына бір рет білім жетілдіруіне барлық жағдай туғызылды. Қазір де омарта шаруашылығын дамыту үшін түрлі оқыту курстары ұйымдастырылғанымен, оның сапасы əзірге сын көтеретін жағдайда емес. Өйткені оған шақырылатын адамдар өзге бизнес салалары бойынша жоба дайындап, сонымен жұмыс жасап жатқандықтан қысқа мерзімдік оқу курсынан өзіне қажетті білімді ала алмайды. Бұл үшін кемінде 10-15 күндік жеке оқу бағдарламасы жасалып, олар білімін өндірістік жағдайда алу керек. Мəселен, ауыл шаруашылығының өзге салаларымен салыстырғанда омарташылықтың мүмкіндігі мен əлеуеті зор. Онда ұяны күні бойы қадағалап жүрудің қажеті жоқ. Тəжірибелі мамандар жылына бір ұяға 30 минут қана уақыт жұмсайды. Яғни омарташылықты негізгі кəсібіне қосымша табыс көзі ретінде қарастыруға болады. Əлемдік тарихқа көз жүгірткен адамдар статистика арқылы барлық елдің ең дамыған кезі омарташылықпен байланысты болғанын көре алады. Өйткені қандай да бір елде орта есеппен əр адам күніне 0,4-0,5 грамм бал өнімін тұтынған жағдайда онда халықтың интеллекті күрт көтерілген. Бұл жағдай Қазақстанда 1972–1980 жылдары тіркелген. Республика басшысы боп тұрған Дінмұхамед Қонаевтың тапсырмасымен Қазақстанда 1972 жылы балық жəне омарта шаруашылығына көңіл бөлінген кезде білім, ғылым, мəдениет, өнер сияқ ты шығармашылықтың барлық бағыттары күрт дамыған. Оны ерте байқап, ғылыми түрде негіздеп балалардың ас мəзіріне бал өнімдерін жүйелі түрде енгізген Жапония, Израиль сияқты елдер дамуын даңғыл жолға салып алды. Сондықтан Манасбек Сарыбаев омарташылықты қайта жаң ғырту үшін мен не істей аламын, оны қалай дəлелдеймін деп көп ойланып Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы Түрген ауылындағы білім бөліміне «эксперимент жүргізейік. Бəрін өзім жүргізем. Тек ақ қағаз берсеңдер болды» дейді. Осылайша қатар оқитын екі кластың біреуіне жасалған экспериментте ондағы оқушылардың интеллектісі 1 айдың ішінде 35-40 пайызға көтеріледі. Кейін бұл зерттеуге сыныптағы мұғалімдерді те тартып, олардың да бал өнімдерін тұрақты қолдануына жағдай жасайды. Осылай бұл класты мектеп бітіргенге дейін қолдап, олардың оқу үлгерімін 85 пайызға жеткізген. Ал эксперимент жүргізілмеген басқа кластардың оқу үлгерімі көрсеткіші 40-45 пайыз ғана болады. Зерттеудің нəтижесі негізінде Үкіметке хат жазылып, мектеп оқушыларын тамақтандыруда олардың ас мəзіріне əр оқушыға күнделікті 20 грамнан бал өнімдерін енгізу ұсынылады. Ең бірінші боп мектепке бал жеткізуге Алматы облысы тендер жариялап, оған 750 млн теңге бөлінеді. Кейін оған Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары қосылады. Соның нəтижесінде республикалық бюджеттен оларға 6,5 млрд теңге бөлінеді. Алайда дайын асқа тік қасық болушылар табылып, ғалымның жасаған əдістемесін ешкім елеп-ес кермегендіктен, бюджет қаржысы жоспарланған нəтиже бермегендіктен, біраз жылдан кейін ол бастама аяқсыз қалды.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»