Байден Ресейді БҰҰ жарғысын бұзды деп айыптады

Сәрсенбі, 21 қыркүйекте АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөз сөйледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Голос Америки» басылыманы сілтеме жасап.

Байден өз сөзінде Ресейді Украинаға басып кіруге байланысты БҰҰ мүшелігінің негізгі қағидаларын бұзды деп айыптап, Мәскеудің ядролық қару қолданамын деп қорқытып отырғанын мәлімдеді.


«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі Ресей, егеменді елді әлем картасынан өшіруге тырысып, басып кірді. Сондай-ақ, ел президенті Путин ядролық қару қолданатынын айтып сөз сөйледі. Бұл ел осы әреттерімен БҰҰ Жарғысының негізгі ережелерін бұзып отыр», — деді Америка президенті.

Байден Кремль Украинаның кейбір бөліктерін аннексиялау үшін жалған референдум ұйымдастырып жатқанын, бұл БҰҰ жарғысын өте ауыр түрде бұзу екенін, және Путин бұл әрекеттердің бәрін «Ресейге қауіп төнді» деп ақтап алғанын айтты.

АҚШ президенті мұның шындыққа жанаспайтынына баса назар аударды.

«Ресейді ешкім қорқытқан жоқ, Ресейден басқа ешкім жанжал іздеген жоқ. Шын мәнінде, біз бұлай болатынын ескерткен едік», — деді Байден.

Байден АҚШ-тың бұл соғыстың аяқталуын қалайтынын да айтып, егеменді мемлекеттерден аумақты күшпен тартып алуға ешкімнің құқығы жоқ екенін ескертті.

Ақ үй басшысы АҚШ одақтастарымен бірге «Ресейді жауыздық пен әскери қылмыстар үшін жауапқа тарту үшін» барлығын жасап жатқанын айтты.

Байден Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше әрбір ел Украинаның кез келген егемен мемлекет сияқты құқықтарына ие болуын қатаң түрде талап ету керектігін атап өтті.

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...