Байқоңырда ұлыбританиялық танымал блогер ұсталды

Байқоңыр ғарыш айлағында «Буран» кешенінің 112 ұшыру алаңы маңынан екі шетелдік азамат ұсталды, олардың бірі ұлыбританиялық блогер. Бұл туралы «Роскосмостың» бас директоры Дмитрий Рогозин Telegram-арнасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сағат 18:10-да (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:10) «Оңтүстік» ғарыш орталығынан (Байқоңыр) 112 ұшыру алаңы маңында (қазақстандықтарға тиесілі «Буран» кешені) Ұлыбритания азаматы блогер Рич Бенджамин және Беларусь азаматы Алина Зелупа ұсталғаны туралы хабарлама түсті. Екеуі де Байқоңыр Ішкі істер басқармасында. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруда Бенджамин мен Залупаны байланыстыратын қатынас анықталып жатыр», — деп жазды Рогозин.

Бенджамин Рич — 4 миллионға жуық оқырманы бар танымал youtube-блогер. Bald and bankrupt-арнасында ол бұрынғы Кеңес Одағы мен Азия елдеріне саяхаты туралы бейнероликтер жариялайды.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...