Байқоңырда бас имам деструктивті діни ағымды ұстанатын сотталғанмен кездесті

Р. есімді сотталған діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттерге жол бергені үшін сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталып,  Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне  алынды.

Бұл азаматпен  теологиялық жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде  Қызылорда облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Байқоңыр қаласы бойынша теолог мамандарымен және Байқоңыр өңірлік «Жәрімбет ата» мешітінің имамдарымен кездесулер ұйымдастырылып, сұхбаттар жүргізілуде.

Кездесу барысында сотталғанға ислам дінінің негізгі мәнін ұғындырып,  оның бағытты дұрыс таңдауына, сондай-ақ діннің тек сыртқы шарттарын ғана емес, рухани кемелдік қағидаларын, адамгершілік құндылықтарын меңгеруі жайында әңгімелеп, өзге діни ағымдардың зияндылығын айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...