12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді

Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді. Алматы әкімінің сұхбаты Baitassov Live YouTube-арнасында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағынтаевтың айтуынша, оған қатысты сын қаңтар оқиғасынан кейін пайда болған.

«Кейін, бәрі біткен соң (бүліктер — еск.) сын мен петиция пайда болды. Бұл маған да ауыр тиді. Мен де адаммын. Бірақ жұмысымды жалғастыруым керек. Жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы қалпына келтіру, келтірілген шығынды өтеу, бәрін тез арада шешіп, жұмысты үйлестіру керек болды. Қалай болғанда да, кез келген сын пайдалы. (…) Реніш болса да, болмаса да, мен өз жұмысымды орындадым, өз жауапкершілігімді түсіндім — қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету», — деді әкім.

Сағынтаев қала билігі 4 және 5 қаңтарда мегаполистегі жағдайды тұрақтандыруға қалай әрекет еткенін, бақылау-өткізу бекеттері қалай құрылғанын, Нұр-Сұлтан қаласы және құқық қорғау органдарымен жұмыс қалай үйлестірілгенін айтып берді.

«Мен сын болатынын түсіндім, бірақ басқа мәселелерді шешуге, қауіпсіздік мәселелерімен айналысуға уақыт керек болды. Сондықтан сағат сайын пікір білдіретін жағдай болмады. Бізде қорғаныс күштері болған жоқ, оларды жеткізу үшін Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрі, Әкімшілік басшысымен (Президент) келіссөздер қажет болды.

Сол кезде маған қарсы сын болатынын түсіндім. Бірақ ол кезде мен өз имиджімді емес, өзімді емес, қала және тұрғындар қауіпсіздігін ойладым. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, қаланы қорғауға қосымша күш әкелмесем, мұнда неге отырмын? Сын имиджіме тиеді деп ойламадым: бұл менің жұмысым», — деді ол.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...

Опубликован проект новой Конституции Республики Казахстан

Комиссией по Конституционной реформе опубликован проект новой Конституции Казахстана. Проект...

К новому этапу зрелости государства

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ОБЪЕДИНИЛА ВСЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В ЕДИНЫЙ...

Зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан халқының 30%-ға жуығы құмар ойындарға қатысқан

Қазақстан халқының 29%-ында құмар ойындар мен лотереяларға қатысу тәжірибесі бар. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков ведомство алқасының отырысында мәлімдеді.