«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау қашан ашылады?

2022 жылғы 20 маусым мен 19 шілде аралығында «Отбасы банк» сайтында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау ашылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй сатып алуға 20 жыл мерзімге 2 пайызбен несие ала алады. Бастапқы жарна 10 пайыз болады.

Бағдарламаға әкімдікте кезекте тұрған мына азаматтар қатыса алады:

  • көпбалалы отбасы;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
  • толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).

«Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен жергілікті әкімдіктер бойынша салынған немесе кандидаттың таңдауы бойынша кез келген тұрғын үйді сатып алуға болады. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және осы қалалар маңында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 миллион теңгеге дейін және қалған өңірлерде 10 миллион теңгеге дейін болады», — делінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлік несие алушы тұрғын үй кезегінде тұрған өңірден сатып алынуы тиіс.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...