«Бақылау» жедел алдын алу шаралары

Солтүстік-Қазақстан облысының аумығында 2022 жылдың мамыр айының 18-ші бастап мамырдың 24-шы дейін «Бақылау» атты жедел- алдын алу шаралары жүргізілуде. Осыған орай СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов ат. аудандық Пробация қызмет бөлімімен жергілікті полиция қызмет бөлімімен бірге пробация есебінде тұратын сотталғандардың мекен-жайлары және жұмыс орындары тексерілді. Тексеріс барысында сотталғандармен және оларға оң тәрбие беретін туыстарымен тәрбиелік- алдын алу әңгімелесулері жүргізілді.

Сотталғандарды мекен-жайлары бойынша тексеру барысында олардың қазіргі уақытта тұрып жатқан тіркеу орындары және тұрып жатқан үйлерінің сәйкестігі тексерілді. Сотталғандарды тұрғылықты мекен- жайлары мен жұмыс орындары бойынша тексеру кезінде жаңа қылмыс жасауға және жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға бейім сотталғандарға аса назар аударылды. Бұл іс- шараларды пробация қызметінің қызметкерлері қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаларын қатаң сақтай отырып өткізеді.

СҚО бойынша ҚАЖД
Ғ. Мүсірепов ат. аудандық ПҚБ
ювеналдық тобының инспекторы
әділет лейтенанты Д.Р. Белялова

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...