Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылды

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Степногорск қалалық соты «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қолданып, сотталған Б.-ның жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ҚАЖ мекемесінің ұсынысын қарады.

«Сот 2024 жылғы 13 мамырда Б. ҚР ҚК 432-бабы бойынша төрт жылға сотталғанын анықтады. Сот сотталған Б.-ға қатысты ұсынысты мынадай негіздер бойынша қанағаттандырды: ҚР ҚК 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі немесе мөлшері залал өтелген жағдайда не олар болмаған кезде ауыр қылмыстар бойынша үштен біріне қысқартылады», — деп жазылған сот хабарламасында.

Сот үкімімен Б.-дан өндіріп алынған мәжбүрлі төлем және іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелген.

Сот қаулысымен Б.-ның жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс қанағаттандырылды.

«ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі қысқартылып, түпкілікті 1 жыл 4 ай 17 күнге бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Байжанов биыл 9 шілдеде Степногорск аудандық сотына жүгінген болатын.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.