12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты дау: үш шенеунік қызметінен айырылды

Алматы облысында үш шенеунік Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру туралы оқиғадан кейін қызметінен айырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Білім басқармасы мәліметінше, Болат Күренбеков Президент әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылған.

«Білім басқармасы басшысы Салтанат Беспаева мен Ішкі саясат басқармасы басшысы Ерік Әбитов қызметінен босатылды», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған.

Бұған дейін не болды?

2025 жылы наурызда №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеме Алматыдан Қонаев қаласына көшіріліп жатқанына шағымданды. Олардың үндеуі әлеуметтік желілерде пайда болды.

Кейінірек Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездескен болатын.

«Біздің мақсатымыз — балалар өзін қауіпсіз сезініп, жан-жақты дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, ал жаңадан келетін балалар Қонаев қаласындағы заманауи кешенге орналастырылады», — деді бұған дейін өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Алайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде Алматы облысы Білім басқармасының 2025 жылғы 10 шілдедегі «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдаудың облыстық орталығы» КММ-нің орналасқан жерін өзгерту туралы» бұйрығын жариялады.

Кейінірек Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, мекеме Қонаевқа көшіріле бастаған, себебі мекеме орналасқан ғимарат апат жағдайында тұр.

Артынша «Бағанашыл» балалар үйін Президент әкімшілігінен келген комиссия тексерді. 

Между этикой и эмоциями

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ ТРЕБУЕТ ОТ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ФЕМИДЫ БЕЗУПРЕЧНОГО ПОВЕДЕНИЯ И СДЕРЖАННОСТИ В ЛЮБЫХ ОБСТОЯТЕЛЬСТВАХ. ОДНАКО, КАК ПОКАЗЫВАЮТ НЕДАВНИЕ СОБЫТИЯ, ДАЖЕ В СТЕНАХ СУДА ЭТА ВЫСОКАЯ ПЛАНКА ВЫДЕРЖИВАЕТСЯ НЕ ВСЕГДА.

Мемлекет басшысы қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

2026 жылы елдегі инфляция 10 пайызға жетуі мүмкін: Үкіметтің болжамы қандай?

Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 130  шетел азаматы жұмыс істейді.

Қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады

Тамыздың аяғында Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. Осылайша қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады.