12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бұрынғы министр Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында Е.А. Біртановқа, О.А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 11 мамырға сағат 10.00-ге белгіленді», — деді соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Мост к зеленому будущему

В столице Казахстана стартовала работа первого экохаба, который обещает...

Татуластыру рәсімдері

Қоғамдық өмірде адамдар арасында түрлі дау-жанжалдар, түсінбеушіліктер мен қайшылықтарды...

170 дворов и общественных пространств благоустроят в Астане

Аким Астаны Женис Касымбек на своей странице в Instagram рассказал о...

Фактор стабилизации цен

Во исполнение поручений Главы государства вицепремьер – министр национальной...