Бұрынғы білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева қайтыс болды

Бұрынғы білім министрінің қайтыс болғанын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Беркімбаева Шәмшә Көпбайқызының өмірден озғаны туралы суыт хабар жетіп, көңілді құлазытты», — деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Шәмшә Көпбайқызы еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастаған. Ол әр жылдары мектеп директоры, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, білім министрінің орынбасары, Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің бірінші хатшысы, Алматы облысы Білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған, сонымен қатар Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, білім және ғылым министрі болған. Ұзақ жылдар бойы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры болған.

«Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академик Шәмшә Көпбайқызы еліміздегі білім мен ғылым саласының дамуына үлкен үлес қосты. Шәмшә Көпбайқызы ауыл мектептерін дамытуға және дарынды балаларды қолдауға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді. Жұмыс кездесулері кезінде Шәмшә Көпбайқызы үнемі өз тәжірибесімен және кеңестерімен бөлісіп, білім саласындағы жаңалықтарды қадағалады. Отандық білім мен ғылым саласының көрнекті тұлғасының өмірден озуы — орны толмас өкініш. Шәмшә Көпбайқызының отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», — деп жазды Аймағамбетов.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...