БҚО Орал қаласының тергеу изоляторындағы күдіктілер мекемедегі сайлау учаскесінде дауыс берді

Тергеу изоляторында 150 жуық күдікті сот үкімін күтіп жатыр. Орал тергеу изоляторында жатқандар мекемедегі сайлау учаскесінде дауыс берді.

БҚО Орал қаласының №74 мекемесінің тергеу изоляторында жатқан күдіктілер мекемеде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104-бабының 3-бөлігінде сот түбегейлі үкімі шығарғанға дейін тұтқынға алынған күдіктілердің сайлауға қатысуға құқығы бар.

Аталған санатқа тергеу тұтқынындағылар мен сот үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толғандар жатады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Кезектен тыс президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №74 мекемесінде тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №464 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді. Президент сайлауы күні тергеу тұтқынында жатқан және сот үкімі заңды күшіне енбеген 150 жуық тұлға дауыс берді», — деді № 464 сайлау учаскесінің төрағасы әділет майоры С.С.Утешкалиев.

ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, мекемеде қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында изоляторлардың камерасынан дауыс беретін учаскеге дейін қосымша посттар ұйымдастырылып, дауыс берушілердің қозғалыс маршруты бекітілген.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...