БҚО бойынша ҚАЖД Пробация қызметі жеке құрамымен арттерапиялық қызмет өткізді

Ағылшын тілінен аударғанда “ Art – therapy “ әсемдік өнердің түсінігі ретінде қарастырылады: суреттер, графика, мүсіндер, дизайн және шығармашылықтың басқа да түрлері қарым – қатынастың көзбен шолу каналы ретінде маңызды роль атқарады.

Түрлі ерекшеліктеріне қарамастан арт – терапияның барлық бағыттары бейнелеу өнерінің және тұлғааралық өзара ықпалдастықтың құралы ретінде қарастырылады. “ Арт – терапия ” сөз тіркесі адамның эмоциялық көңіл – күйі және жеке адамның, топтардың, ұжымдардың психологиялық денсаулығын көркем әрекетпен түсіндіру болып табылады.

Осы бағытта жеке құрам бойынша аға инспектор — психолог әділет капитаны А. Муксинова БҚО бойынша ҚАЖД Пробация қызметі жеке құрамымен арттерапиялық қызмет өткізді.

Арттерапия барысында жеке сурет салу, топтық, жұптық сурет салу, пластилиндік әлем жаттығулары жүзеге асырылды. Әр қызметкердің салған суреттері арқылы қазіргі кездегі оның психологиялық күйі, топпен өзара байланысы, ұжымдық ахуал жөнінде өңдеу алынды.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...