12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БҰЛ САЙЛАУ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕШЕ

14 қаңтарда кезекті Сенат сайлауы өтеді. 2017 жылы сайланған Сенат депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы Жарлығымен кезекті сайлау мерзімі белгіленген болатын.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 29 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында облыстар мен республикалық мәртебесі бар 2 қала мен Астананың сайлау комиссиялары ұсынылған 130 үміткердің 66-сын тіркеді. Олардың 63-і өзін-өзі, ал үшеуін мәслихаттар ұсынды. Жынысы бойынша 46-сы ер адам, 20- сы әйел. Осы арада айта кететін бір жайт әйел үміткерлер саны 2020 жылғы сайлауда – 19, 2017 жылғы сайлауда – 13, 2014 жылғы сайлауда – бесеу болған еді. Биылғы кандидаттар арасында Сенаттың қазіргі 4 депутаты бар. Олардан бөлек мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің 15 қызметкері, 29 мемлекеттік қызметші, 13 коммерциялық құрылымдардың қызметкері, 5 қоғамдық ұйым өкілі де өз бағын сынауда. Мамандығы бойынша кандидаттардың 14-і оқытушы, 10-ы ауыл шаруашылығы қызметкері, 9-ы экономист, 8-і заңгер, 7-уі инженер, 3-еуі дәрігер және 1 саясаттанушы, 1 журналист пен тағы басқа да 15 мамандықтың иесі бар. Кандидаттардың орташа жасы – 51,8 жас. Ең көп кандидаттар Жамбыл облысы мен Алматы қаласында (бес-бестен), одан кейін Абай және Түркістан облыстарынан (төрт-төрттен), ал Астана, Шымкент қалалары мен қалған 14 облыстан үш-үштен тіркелген. Яғни орта есеппен бір мандатқа – 3 кандидат үміткер болып отыр. Биыл сондай-ақ, Сенат депутаттарының сайлау бюллетеніне алғаш рет үміткерлерден бөлек, «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген. Бұдан бөлек ОСК өз қаулысымен биылғы Сенат депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарын 550 мың теңге көлемінде белгіледі. Оның 400 мыңы теледидардан, радиодан бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау үшін; 70 мыңы сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару үшін; 80 мыңы көлік шығыстары үшін бөлінді.

Кім сенатор бола алады?

Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ. Сенат депутаттығына заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ, заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсі барын сот мойындаған адам кандидат бола алмайды. Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттарын, республикалық маңызы бар қаланың немесе республика астанасының мәслихатын білдіретін таңдаушылардың жалпы санының кемінде 10 пайызы, бірақ бір мәслихаттың таңдаушыларының 25 пайызынан аспайтын дауысы қолдауға тиіс. Кандидаттарды тіркеуді облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың сайлау комиссиялары облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып сайлануға келісім беру туралы өтініші; кандидатты қолдау үшін таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті сайлау комиссиясының хаттамасы болған кезде жүзеге асырады; кандидаттың өмірбаяндық деректері; кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды; кандидаттың 900 мың теңге сомасында сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы керек. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18-ден кейін және дауыс беру күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта, яғни 13 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады. Сайлауда дауыстарды санау нәтижелері дауыс беру үшін пунктте өткізілетін тиісті сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді. Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы сайлаушылардың бірлескен отырысында жарияланады және сайлау күнінен бастап 2 күннен аспайтын мерзімде ОСК-ға жіберіледі. Жалпы, республика бойынша Сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын 20 қаңтардан кешіктірмей белгілейді және сайлау қорытындылары туралы (сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей) бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялайды.

Сенаторлардың өкілеттігін кім тоқтата алады?

ҚР Орталық сайлау комиссиясы туралы ереже бойынша ОСК өз құзыреті шегінде Қазақстан заңнамасына сәйкес Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда көзделген жағдайларда Парламент депутаттарын қайта сайлауды және Парламенттен шығып қалған депутаттардың орнына сайлауды тағайындайды. Сондай-ақ, депутаттарға жазалау шараларын колдануға, олардың Конституцияның 52-бабы 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ, депутаттың өкілеттіктерін тоқтатуына және өкілеттіктері мен депутаттық қолсұғылмаушылықтан айыруға байланысты мәселелерді қарауға дайындайды. Депутаттардың Парламент палаталарының және олардың органдарының отырыстарына қатысуын, сондай-ақ, депутаттың өз дауысын басқа біреуге бермеуін бақылауды Комиссия мүшелері жүзеге асырады. Парламент депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындау фактісін көрсететін қаулы және тиісті адамның Парламент депутаты өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін қаулы қабылдайды. Таңдаушылардың шешімі бойынша Сенат депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша дауыс беру қорытындыларын белгілейді. Таңдаушылардың шешімі бойынша Сенат депутаты өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі құжаттардың үлгілерін бекітеді. Конституцияның 51-бабының 2-тармағына сәйкес сайланатын Сенат депутаттарының жартысы үш жыл сайын қайта сайланатынын да атап өте кеткен жөн шығар. Жалпы, депутаттарды сайлау олардың өкілеттігінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын тағайындалады және олардың өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Конституцияға сәйкес Сенат заңда белгіленген тәртіппен Қазақстанның әрбір облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде сайлаушылар – мәслихат депутаттары жасырын дауыс берген кезде сайлайды, ал оларды республика азаматтары жалпы сайлауда сайлайды.

Сенаторлардың өкілеттігі қандай?

«ҚР Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң бойынша Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жыл. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы үш жыл сайын қайта сайланады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша ҚР Президенті тағайындайды. Сенаттың тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Президент шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Ал мәслихаттардың атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Сенат депуттарының өкілеттігі осы таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Жалпы, Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 1998 жылғы қазанға дейін төрт жыл болды, 1998 жылғы қазаннан бастап – алты жыл.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,