Бүгіннен бастап Қонаев-Алматы бағытында пойыз қатынайды

11 қарашадан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қала маңындағы пойызды іске қосты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді.

«Дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді. Жол жүру уақыты — 1 сағат, 17 минут, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК»», — делінген АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл бағытты қаржыландыру биылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағытта тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жұмыстары жүргізіп жатыр.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

ҚАЗСТА Президенті Қайрат Закирьянов жеңімпаз студенттерді ұлықтады

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен ХХ Азия...

КАЗАСТ ПОЧТИЛА СТУДЕНТОВ — ПРИЗЁРОВ АЗИАТСКИХ ИГР

В Казахской академии спорта и туризма почтили студентов-спортсменов, достойно...

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

ДҰРЫС АУДАРМА ЖАСАУ ҮЛКЕН ӨНЕР

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетінде...