12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БҮГІНГІ ТАҢДАУ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Ел өмірінде шешуші кезең болғалы тұр. Биылғы жылдың 20 қараша күні халқымыз өз Президентін сайлайды. Бұл дамудың жаңа бағыты ретінде айқындалған әділеттілік, теңдік, бірлік қағидаттарын орнықтырудағы маңызды қадам. Мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін лайықты көшбасшыны айқындау барша қазақстандыққа сын.

Сондықтан бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде, еңбек ұжымдарында, қоғамдық ұйымдарында кең ауқымды талқылау жүріп жатыр. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, бұл тұрғыда барша қауым кеңінен зерделеп, тереңнен саралап, сарабдал шешім қабылдауға ұмтылуда. Маңызды істе әрбір азамат өз жауапкершілігін айқын сезініп отыр. Бұл ретте болашақ ел басшысының азаматтық келбеті, ұстанымы, білімі, тәжірибесі, елге сіңірген қызметі тұлғалық болмысы айрықша назарға алынуда. Бұл өлшемдерге негізінен қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сай келіп отыр. Мәселен, республикалық генералдар кеңесі төралқасының жуырда өткен кезекті басқосуында осындай шешім қабылданды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет мүддесіне абыроймен қызмет еткен Қазақстанның Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының генералдары, ардагерлері өздерінің бұл шешімін Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы жолдауымен байланыстырды. Олардың айтуынша, әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды табысты іске асыру үшін халық сенімінің жаңа мандаты қажет. «Президенттік мандаттың бір реттік 7 жылдық мерзімін енгізуді ашық демократиялық мемлекеттің дамуындағы түбегейлі шара деп санаймыз. Бұл қадам еліміздің жаңа саяси дәуірінің алтын қазығына айналады. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай кезінде бейбітшілік пен келісімді бағалай білу қажет. Біз, ел егемендігінің қорғаны болған офицерлер, тәжірибелі, қоғамға қызмет етуге дайын саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынамыз», – дейді отставкадағы генерал-майор, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Махмұт Төлеғұсов. Ұлттық волонтерлер желісі де Тоқаевты Президенттікке кандидат ретінде қолдап отыр. Астана қаласында өткен Ұлттық волонтерлік желісі ұйымдарының жиналысында волонтерлер осындай бастама көтерді. Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары еліміздің волонтерлік қозғалысы жалпыұлттық масштабқа ие болуда. Айналадағы өмірді жақсы жаққа өзгертуге, көмек көрсетуге және мейірімділік жасауға күштері бар екендігін сезіп жатқан қазақстандықтардың саны артып келеді. Бүгінде Қазақстанда 200 мыңнан астам волонтерді өз жұмысына қатыстыратын 600-ден астам ұйым жұмыс атқарып жатыр. Бұл – тек азаматтар мен азаматтық қоғамның ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық және волонтерлік қызмет арқылы әлеуметтік әріптестіктің әлеуетін жоғарылатуда, мемлекеттің дамуында волонтерлердің жоғары рөлін және маңыздылығын түсінетін мемлекеттің де еңбегінің жетістігі. Волонтерліктің дамуында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан елеулі үлесін атап өту маңызды. Оның тікелей қолдауы нәтижесінде халықаралық және республикалық деңгейлерде волонтерлік қызметті дамыту бастамалары және бірқатар стратегиялық маңызды құжаттар қабылданды. Президент 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау бастамасын қолдады. Бұл шешім өте маңызды рөл атқарды. Себебі, COVID-19 пандемиясымен күресте медицина және өзге де қызметкерлермен бірдей алдыңғы қатарда волонтерлер де болды. Бұл волонтерлік жобалар үшін гранттарды дамытуға, пандемия кезінде көрсеткен азаматтық белсенділігі үшін «Халық алғысы» мемлекеттік медалін тағайындап 5 мыңнан астам қазақстандықтарға табыстауға ықпалын тигізді. Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким өз үндеуінде: «Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы еріктілік саласындағы барлық маңызды бастамаларды қолдай отырып, бірнеше рет волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың еңбегін жоғары бағалады және шын жүректен алғысын айтты. Президент волонтерлерге «ізгі ниеті мен таза ар-ожданы бар асыл адамдар» ретінде сенім артады. Бұл бізді шабыттандырмауы мүмкін емес. Қазақстан Президентіне деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдайық!» деп отыр. «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығы да Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын алда өтетін Президент сайлауына ұсынды. Жиын тізгінін ұстаған ұйым төрағасы Бахытбек Смағұл бұл байламдарын «Президент ардагерлер мен түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерін әрдайым қолдап келеді. Біз ардагерлер соғыстың не екенін бір кісідей білеміз әрі бейбіт өмірдің қадірін өте жақсы түсінеміз. Тұрақтылық – кез келген мемлекет үшін дамудың ең басты кепілі. Сондықтан, біз Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдадық», – деп түсіндірді. Мәслихаттар депутаттары бірлестігі де ҚР Президенттігіне Қ.Тоқаевты ұсынды. Ұйым арнайы шақырған кезектен тыс конференциясында бұл мәселені кеңінен талқылап, осындай шешімге келді. Бұл қадамдарын бірлестік төрағасы Төлеубек Мұқашев: «Тұрақсыз геосаяси әрі экономикалық жағдай кезінде қоғамның бірлігі мен ынтымағы бірінші орынға шығады. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі, мемлекет дамуындағы ерекше рөлін ескере отырып, біз оны алдағы Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынамыз», – деп түсіндіріп отыр. Осы орайда бірлестік мүшелері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары екенін атап өткен жөн. Олардың жалпы саны 3276 адамды құрайды. Қазақстанның Азаматтық альянсы мүшелерінің де таңдауы Қ.Тоқаевқа түсіп отыр. Жуырда ұйымның жоғары басқару органы – конференция өткізіп, оған еліміздің жиырма өңіріндегі Азаматтық альянстың көшбасшылары қатысты. Алқалы жиында ұйымның президенті, конференция төрағасы Бану Нұрғазиева жиналысқа қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, ел Президенті «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметін елдің орнықты және жан-жақты ілгерілеуінің маңызды факторы деп айтып, және қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді реформаларды дайындау мен іске асыруға кеңінен және тереңірек тартуға шақырғанын еске алды. Сонымен қатар, Бану Нұрғазиева әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстанда саяси жаңғыру, экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік саланы дамыту жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер болып жатқанын айта келіп, Президент алғашқы күндерінен бастап сындарлы диалогқа, билік пен халық арасында тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсына отырып, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматын белгілегенін, сондықтан халық өзгерістерге және ел Президентіне сенімін білдіреді деген ойын ортаға салды. Өңірлік альянстардың көшбасшылары да өз сөздерінде Президент ұсынған барлық бастамалар мен реформаларды Қазақстан азаматтары талап ететінін, өйткені олар халықтың, қарапайым адамдардың мүдделерінен туындайтынын айтты.

А. ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,