Бүгін еліміздің бірнеше қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

18 қаңтарда Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына алып келеді. Көптеген қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіліп отыр.

Астанада ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыс, секундына 2-7 метр жылдамдықпен солтүстік-батыс желге ауысады. Ауа температурасы күндіз 13-15 градусқа дейін, түнде-27 градусқа дейін жетеді. Елордада ауадағы күкіртті сутектің 1,8 есе артуы мүмкін.

Алматыда бұлт аз, жауын-шашынсыз, жел секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 5-7 аяз. Ауада тоқтатылған PM2.4 бөлшектерінің шекті рұқсат етілген концентрациясы 3,2 есе, сондай-ақ азот диоксиді 2,7 есе артады.

Шымкентте күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15 аяз. Метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, дегенмен қалада ауаның ластану деңгейі төмендейді деп болжанып отыр.

Единые правила к применению ИИ

В Казахстане намерены упростить получение медицинских услуг за счет...

Мейрамбек ПАЗЫЛБЕКОВ, «Poseydon» аквафермасының директоры: БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕК БИЗНЕС ЕМЕС, БҰЛ — АЗЫҚ-ТҮЛIК ҚАУIПСIЗДIГI

– Мейрамбек Жалғасбекұлы, Қазақстанда 2021–2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын...

Казахстан переходит на водосберегающие технологии

Благодаря системной работе по внедрению водосберегающих технологий орошения казахстанские...

Новый формат диалога с населением 

В АРАЛЬСКОМ РАЙОНЕ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ДАН СТАРТ РЕСПУБЛИКАНСКОМУ ПРОЕКТУ...

Контрафакт вне закона

ЗА ПРОИЗВОДСТВО И СБЫТ ФАЛЬСИФИЦИРОВАННЫХ МЕДИЦИНСКИХ ИЗДЕЛИЙ В КРУПНОМ...