Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ел аумағында атмосфералық фронттар жүріп өтіп, Қазақстанның батысы мен шығысында, солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейіп, елдің шығысында бұрқасын көтеріледі.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -13 -15 градус, күндіз -7-9 градус болады.

Алматы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел соғады, екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6 градус, күндіз +5+7 градус болады.

Шымкенте ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +10+12 градус болады.

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...