12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті қорғау — экономикалық қатынастардың әділдігін, нарық субъектілерінің тең құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (КК) 20-тарауы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру негіздері мен тәртібін белгілейді.

Монополияға қарсы орган заң бұзушылық белгілері туралы мәлімет алған жағдайда, ол тергеп-тексеру жүргізуді бастауға уәкілетті. Мұндай мәліметтер мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан түсуі мүмкін.

Тергеп-тексеруді бастау негіздері КК-нің 216-бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізудің негізгі себептері болып табылатын:

1.Мемлекеттік органдардан түскен материалдарда заң бұзушылық белгілерінің болуы;

2.Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері;

3. Монополияға қарсы органның өз қызметі барысында заң бұзушылық белгілерін анықтауы;

4.БАҚ-та жарияланған материалдар;

5.Монополияға қарсы органның хабарламасын орындамау.

Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен рәсімделеді. Бұл бұйрықтың көшірмесі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш берушіге және тексерілетін тұлғаға тапсырылады. Бұйрыққа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес шағым жасауға болады, алайда шағым оның орындалуын тоқтатпайды.

Тергеп-тексеру жүргізудің мазмұны мен мерзімі. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді бастағанға дейін нарықтағы жағдайды талдау жұмыстарын жүргізеді. Бұл талдау тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін, нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға бағытталады.Бұйрықта міндетті түрде: тергеп-тексеру объектісінің атауы,заң бұзушылық белгілері мен негіздері, тексерілетін кезең және мерзім, уәкілетті тұлғалардың аты-жөні және құқықтары көрсетілуі тиіс. Тергеп-тексеру мерзімі үш айдан аспайды, ерекше жағдайларда ол екі айға ұзартылуы мүмкін. Бұйрықтың көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тіркеледі.

Тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау. КК-нің 222-бабына сәйкес, тергеп-тексеру келесі жағдайларда уақытша тоқтатылады:
өзге сот немесе органда осыған ұқсас іс қаралуда болса, сол объектіге қатысты басқа тергеп-тексеру жүргізіліп жатса, сараптама тағайындалса, қосымша нарықтық талдау қажет болса. Тергеп-тексеру қайта басталған кезде мерзім қайта есептеледі және тоқтата тұрған уақыт есепке алынбайды. Сараптама немесе тоқтату туралы шешім ұйғарым түрінде рәсімделіп, үш жұмыс күні ішінде тараптарға хабарланады.

Тергеп-тексеруді тоқтату негіздері. КК-нің 223-бабына сәйкес, тергеп-тексеру мына жағдайларда тоқтатылады: заң бұзушылық фактілері дәлелденбеген болса, объектінің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, ескіру мерзімі өткен болса, осы әрекеттер бойынша заңды күшіне енген сот актісі бар болса.

Тергеп-тексеру нәтижелері және қорытынды. Тергеп-тексеру аяқталған соң, монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы қорытынды әзірлейді. Оның негізінде мына шешімдердің бірі қабылдануы мүмкін: тергеп-тексеруді тоқтату, әкімшілік іс қозғау, заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама шығару, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау.

Қорытынды жобасы тергеп-тексеру объектісіне 30 күн бұрын жіберіледі. Егер тарап өтініш білдірсе, ол келісу комиссиясының қарауына шығарылады. Комиссия 5 күн ішінде қорытындының толықтығын, дәлелдемелердің негізділігін бағалайды және хаттама түрінде ұсынымдар береді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру рәсімі нақты және кезең-кезеңімен реттелген.
Бұл — монополиялық әрекеттердің алдын алу, нарықтағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың құқықтық негізі болып табылады.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, тергеп-тексеру барысында талдау әдістемелерінің сақталуы, бұйрықтардың заңдылығы және дәлелдемелердің жеткіліктілігі ерекше маңызға ие. Сондықтан монополияға қарсы органдар мен соттар заң талаптарын толық және қатаң орындауы қажет.

                                            Қызылорда облысының мамандандырылған

                                 ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы    

                                                Мырзатаева Гүлжан Жалгасбайқызы      

УМЕНЬШАЯ ВОЗНИКНОВЕНИЕ СПОРОВ В СУДЕ

5 апреля 2023 года в гл. 5 Земельного кодекса...

Лудомания (ойынқұмарлық) – қоғам мен жеке тұлғаға қауіпті дерт

Қазіргі таңда қоғамымызда кеңінен таралып келе жатқан әлеуметтік мәселелердің...

Кассация – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазақстан Республикасының сот жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Оның ішінде...

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сот жүйесі қоғам мен мемлекеттің...

Медиацияның мақсаты – бітімгершілік

Қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері...