12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру: Мемлекеттік қызмет істері департаментінің рөлі

Мемлекеттік органдардың қызметінде азаматтардың өтініштерін қарау жұмысы үлкен маңызға ие, себебі клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты құру тек мемлекеттік қызметшілер азаматтардың проблемалық мәселелерін мұқият қараған, заңнама талаптарын түсіндірген және бұзушылықтарды жоюға көмектескен жағдайда ғана мүмкін болады.

Практикада әлі де азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылатын жағдайлар кездеседі: мемлекеттік органдар өтініштерді қарау мерзімін негізсіз бұзады, мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетпейді, негізсіз бас тартады, бұл өз кезегінде халықтан шағымдардың түсуіне әкеледі.

Айта кету керек, Департаменттің қызметі азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған жұмысты сапалы ұйымдастыруға толықтай арналған. Осы мақсатта азаматтарға өз сұраулары, өтініштері мен шағымдарын жолдауға мүмкіндік беретін «Telegram» желісінде арнайы платформа құрылды.

2025 жылы «Telegram» жүйесіне 409 өтініш түскен, оның ішінде 72 өтініш бойынша мәселелер оң шешімін тапқан, ал 337 өтінішке түсіндірме сипаттағы жауап берілген.

Мысалы, Департамент азамат Р.-ға «Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметін алу кезінде құқықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетті. Атап айтқанда, азамат өз тұрғылықты жеріндегі поликлиникаға тіркелу үшін өтініш берген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 1 жұмыс күні болғанына қарамастан, азаматқа бір апта күтуге тура келген.

Департаменттің араласуынан кейін поликлиникадағы бұзушылықтар жойылып, азаматқа мемлекеттік қызмет жедел көрсетілді.

Айдосұлы Айбар, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібі «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту...

Восстановление нарушенных прав: роль Департамента по делам государственной службы

В деятельности государственных органов большое значение имеет работа по...

“Екі халық – бір тамыр, татар және башқұрт мәдениеті” атты танымдық шара өтті

№79 түзету мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен...

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы...

Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль дегеніміз – бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның...