Бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты

Астанада сот экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім шығарды. Ол бұрынғы жұбайын азаптады деп айыпталған болатын, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәкен Мамаш орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оны дипломатиялық дәрежесінен айыру туралы шешім шығарды.

2023 жылғы мамырда «НеМолчи.kz» қоры өз парақшасында БАӘ-дегі елшілік кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат жариялаған болатын. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға жауап беріп, дипломатты елге шұғыл қайтару туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Кейінірек, зорлық-зомбылық туралы мәлімдеген елшілік қызметкерінің жұбайы да БАӘ-ден елге қайтарылғаны белгілі болды. Алайда, әуежайда оны күйеуінің туыстары қарсы алған.

Астана полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

2024 жылдың 28 маусымында Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қарады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Биыл сәуірде экс-дипломат Сәкен Мамаш қылмыстық іс аясында қамауға алынғаны белгілі болды.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.