Бүгінгі жас – ертеңгі ел тірегі

Жастар – мемлекеттің ертеңі. Әр отбасы баласын қалай мәпелеп, тәрбиелесе, әр университет түлектеріне бар жақсыны үйретіп, білікті маман болып шығуы үшін мейлінше мүмкіндіктер жасайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жастардың қоғамға қажетті кәсіби маман ғана емес, еліне адал қызмет ететін қайраткер адам болып шығуына қажетті барлық жағдай бар.

Ең алдымен университеттің тарихы терең, Қазақстаннан бөлек, əлемдегі білім ордаларының арасында орны айшықты. Дүние жүзіндегі мықты университеттердің қатарына кіретін білім ордасында уақыт сынынан өткен ежелгі үрдістермен бірге, заманауи талаптардың барлығы ескеріле отырып мамандар дайындалады. Жылдар бойы қалыптасқан дəстүр мен беделді сақтау да қажырлы еңбек пен терең ізденістің маңызды екені түсінікті. Сондықтан университет басшылығы мемлекет дамуындағы талап пен тілекті ескере отырып оқу бағдарламасын сауатты да сындарлы түзуге басымдық береді. Университеттің оқу ғимараттары, дəріс залдары толық жарақтандырылған. Мұндағы кітапхана қоры университет кітапханаларының ішінде ең бай, ең көп əдебиеттерді жинақтаған. Сонымен бірге соңғы жылдары электрондық кітапхананы қажетті кітап, оқулықтармен толықтыруға көңіл бөлініп келеді. Бұл жастардың ҚазҰУ қалашығынан ұзамай танымын кеңейтіп, өзіне қажет кітап, оқулықтарды пайдалануына жол ашады. Еліміздегі оқу ордаларының ішінде студенттерге барлық жағдай жасаған университеттердің басында ҚазҰУ тұр. Біздің студенттер тек сапалы білім алып қоймай, жайлы да жарық жатақханамен қамтамасыз етілген. Қалашықтың ішінде кітапханамен бірге, емхана, асхана, студенттерге қызмет көрсететін орталық орналасқан. Емхана қолжетімді жерде болғандықтан, жастар дер кезінде ем алып, дəрігерлердің кеңесіне жүгіне алады. Өнерге бейім, спортты жаны сүйетін, қолөнерді жүрегі қалайтын жастардың да бос уақытын өзін қызықтырған істерге арнауына жағдай жасалған. Студенттер университет ішінде ұйымдастырылған тегін үйірмелерге қатысып, өздерінің шеберліктерін шыңдайды. Үнемі жақсы істерге, керемет сайыс тар мен байқауларға мұрындық болып отыратын ҚазҰУ-ды жаңа бастамалардың жаршысы десек шындықтан алыстамаймыз. Мұнда түрлі білім сайыстары, өнер байқаулары, спорт додалары тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Бұл жастардың тек білім алаңында ғана емес, өнер, спорт жарыстарында танысып, достық байланыс орнатуына, өздерін басқа қырларынан танытуына мүмкіндік береді. Əр факультет шəкірттердің сала майталманы болып шығуына барынша қолдау көрсетеді. Əсіресе жастардың жаңа тынысын ашып, қабілетін шыңдауға көмектесетін шаралардың маңызы ерекше. Мысалы, Заң факультеті «Заңгерлер клиникасын» жүргізіп келеді. Бұл жерде еліміздің танымал заңгерлері, ғалымдары құқықтық көмек сұраған азаматтарға тегін кеңес береді. Əрі осы іске болашақ заңгерлерді де тартып, күнделікті алған теориялық білімін тəжірибемен ұштастыруына көмектеседі. Заң клиникасы арқылы студенттер белгілі заңгер, адвокаттармен, құзырлы органдарда табысты еңбек етіп жүрген құқық қорғаушылармен танысып, өздерін қызықтырып жүрген сауалдарға көзбе-көз жауап алады. Мұндай жүздесулер жас заңгерлердің болашақта өз жолын айқындап, лайықты жұмыс табуына мүмкіндік береді. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың əр факультеті ең білімді, креативті ойлай білетін, жастармен ортақ тіл табыса алатын мамандарды оқытушылыққа тартып келеді. Сонымен бірге қазіргі кезде əр саланың белгілі практик мамандарын оқу үрдісіне тартып, жастардың тек теорияны меңгеріп қоймай, тəжірибенің де қыр-сырын практик мамандардан үйренуіне көңіл бөлініп отыр. Бұған қоса, университет жаңалықтарын күнделікті бақылап отырған жандар түлектермен байланыстың жақсы жолға қойылғанын байқаса керек. Біздің түлектер – ел тұтқасы. Университет өз түлектерімен мақтанады, жастарға үлгі етеді. Міне, осындай мемлекет өмірінде өзіндік орны бар түлектермен кездесулерді тұрақты ұйымдастыру ешқашан үзілмей келе жатқан жақсы дəстүр. Барша елге танымал түлектермен кездесу жастардың болашаққа деген жоспарын өзгертіп, биікке ұмтылуына стимул береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде ел жастарына ерекше үмітпен қарайтынын айтып «Сендердің алдарыңда Қазақстан дамуында шешуші рөл атқаратын міндет тұр. Менің міндетім – сендердің ең үлкен армандарыңды жүзеге асыру жəне өздеріңнің жеке тарихи жетістіктеріңді құру үшін барлық мүмкіндіктерді жасап беру», – деген болатын. Расында да мемлекет те, білім ордасы да студенттердің жан-жақты білім алып, сапалы маман болуына қажетті барлық ресурстарды қолдануда. Ал студенттер сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ұстаздардан алған білімін ел игілігіне жарата білсе болғаны. ⁠

Гүлдана ҚУАНАЛИЕВА, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,

Меруерт АБИШЕВА, ҚазҰУ оқытушысы

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...