Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 9 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана және түнде Қостанай қалаларында ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың айтуынша, аталған қалаларда қолайсыз метеожағдайлар қалыптасады, бұл атмосферада зиянды заттардың жиналуына әсер етеді. Ал еліміздің басқа өңірлерінде ауа сапасы қалыпты болмақ.

Ластану деңгейіне синоптикалық жағдайлар – желдің бағыты мен күші, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық ықпал етеді. Ертең Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – делінген хабарламада.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.