12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ажырасу оңай ма?

            Қазіргі таңда отбасы және бала тәрбиесі – ең өзекті мәселелердің бірі.            Өйткені, отбасы – қоғамның негізгі әлеуметтік институты, адам өмірінің ошағы.

           Елімізде бүгін үйленіп, ертең ажырасумен аяқталатын отбасылар саны артып келеді.

           «Отбасы мемлекеттің алтын діңгегі» дегенді жиі естиміз. Яғни, отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар.

           Дегенмен, кейінгі кезде құндылықтар құлдырап, шаңырақ шайқалуы оңай болып кетті.

           Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы Е., жауапкер Д-дан некені бұзуды сұраған талап қою арызымен жүгінген.

           Талап қоюшы некеге 2015 жылы тұрып, одан араларында кәмелетке толмаған балаларының барын, жауапкермен мінезі жараспайтынын, одан әрі отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп,  некені бұзуды сұраған.

           Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.

           Нәтижесінде  тараптар кәсіби медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.

           Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, талап қоюшы некені бұзуды сұраған талап қоюынан бас тартты және аталған азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.

           Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы отбасын сақтап, балалары толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.

           Бұл өз кезегінде медиацияның отбасы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.

            Жалпы мемлекетке жарық сәуле мен жылу беретін күш — отбасы, ал отбасының оты — ондағы бірлік, ынтымақ және өзара сыйластықтың арқасында мәңгі алаулап жанбақ. Бір, екі және ондаған отбасының құрылымы бір Отанды қалыптастырады.

           Сондықтан да оның отын сөндірмеуге тырысатын әрбір пенде елі үшін қызмет етеді десек, артық айтқандық болмас. Жан дүние жарасым тауып, түсіністік тұғыры биік болса, бәрі де жөн болушы еді.

           Атақты Артур Шо­пенгауэр: «Үйленіп үй болу — жауапкершіліктің екі есе артуы», дейді. Сан жылдар бұрын отбасы құндылықтары туралы осындай іргелі сөздер қалдырған философтардың әлдеқашан бұл мәселенің түйінін ағытып кеткенін ескерсек, дұрыс жолмен жүруге ұмтылыс танытар едік.

           мемлекет мерейін айшық­тай­тын отбасылардың артуына әрқайсымыз да жауапты еке­німізді ұмытпайық!


            Мақсат Дәріқұлов

           Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...