Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға сала ардагерлері мен департаменттің қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы мерекемен құттықтап, еліміздің патриот азаматтары ретінде, республикамыздың қауіпсіздігін қорғап, ата-бабамыздан мұра болып қалған тәуелсіздігімізді баянды ету жолында әлі де бар күш,жігер жұмсап бұдан әрі де табанды еңбек етуге шақырамын. Әрдайым ҚАЖ қызметкері деген атқа сызат түсірмей, құрмет, атаққа лайықты болыңыздар — деді.
Мерекелік шара барысында Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Ахметжанов Марат Мұратұлының мерекелік жедел хаты оқылды. Республика күніне орай Ішкі істер министрінің бұйрығымен департаменттің 2 қызметкері, ҚАЖ комитетінің бұйрығымен 4 қызметкер, ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен сала ардагерлері Прмагамбетов Алтынбек Арғынбайұлы, Құдайбергенова Лаура Қазыбайқызы, Ідірісов Әли Махмутұлы, Раисов Азат Сейтқасымұлы «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгілерімен марапатталды, сондай-ақ, қызметте жоғары нәтиже көрсеткен 23 қызмкеткер, және «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Бисенов Мұстафа Қуанұлы, «Ақниет ақпараттық насихаттау оңалту орталығының» жетекшісі Қаюпов Ислам Маратұлы, осы орталықтың теологы Өмірбеков Мағжан Қайырғалиұлы алғыс хатпен марапатталды .Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.