ҚАЖ қызметкерлері ұлт ұстазын ұлықтады

Бүгін қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі» тақырыбында іс-шара өтті. Шараны ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тіл маманы Д.Достанова жүргізді. Шара барысында қызметкерлерге Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұматтар берілді.

Шараға белсене қатысқан мекеме қызметкерлері кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Оспанов ақынның «Анама хат», мекеменің заңгері Н.Әлиев «Жұртыма», өлеңдерін жатқа айтты.

«Ақын өлеңдерін оқи отырып, қазақ халқын кітап оқуға, білім алуға, рухани дамуға, имандылыққа, мәдениеттілікке шақырғанын көруге болады. Бар ғұмырын қазақ ұлтының болашағы үшін қиған, өмірі қуғын-сүргінмен өтсе де, ұлты үшін өлшеусіз еңбек еткен ұлттың ұстазы, халық жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың мұралары біз үшін құнды қазына»,- дейді әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов. Шара соңында қызметкерлерге ұлт ұстазы туралы бейнеролик көрсетілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...