ҚАЖ қызметкерлері «Қазақстан. Ұлы дала Елі. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне барды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Қазақстан. Ұлы дала Елі. Тәуелсіздік» атты кең көлемді кітап көрмесіне барды.


Көрменің мақсаты- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістіктері мен табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.

Кітапхана қызметкері Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда қол жеткізген әлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуы және халықаралық қатынастардың дамуына шолу жасап, еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне тоқталып, қазақ тіліндегі әдебиеттермен таныстырды.

Шара соңында ҚАЖ қызметкері бірнеше өлеңнің авторы Қалжан Жұлдыз «Тәуелсіздік тұғырым!» атты өлеңін оқыды.

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...

Отандық соттағы цифрлық трансформация

Әлем дамудың өзгеше жолын таңдады. Бүгінгі таңдау – жерасты...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...